» » Отбасы - бақыт мекені

Отбасы - бақыт мекені

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы-сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы.
Бәріміз білетіндей қыркүйек айының екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні болып аталып өтіледі.
Міне, осы атаулы күнге орай, Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі білім беру мекемесінде ата-аналармен жиналыс өтті. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау аясында өткізілген жиналысқа колледж директоры А.Дауленбаев, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Есеналиев, колледж психологы М.Кенеш, РФ ІІМ Байқоңыр қаласындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Г.Зуева, ҚР ІІМ Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілдігінің кәмелетке толмағандар жұмысы жөніндегі инспекторы, полиция лейтенанты М.Мурзагалиева және ата-аналар, білемгерлер мен колледж оқытушылары қатысты.
Жиналыс барысында колледж директоры А.Дауленбаев тақырып аясында сөз қозғап, бүгінгі әлеуметтік желіге кіраптар кезеңде бала тәрбиесіне үлкен мән беру керектігін айтып, өмірлік ақыл-кеңесімен бөлісті.
Өз кезектерінде сөз алған полиция қызметкерлері Байқоңыр қаласының өзіндік ерекшелігін айта келе, білімгерлердің жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, тәртіпті болуға шақырды. Сондайақ, ғаламтор алаяқтарынан сақ болуды, адам денсаулығына зиянды заттардан аулақ болуды айта келе, осы жайттың бәрі отбасындағы тәрбиеден, отбасының беріктігіне байланысты екендігін баса сөз етті.
"Отбасының жемісі-тәрбиелі ұл мен қызы" деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін! Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, түтіні түзу болсын!
12 қыркүйек 2022 ж. 869 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031