» » Құқық бұзушылық пен жұқпалы аурулардың алдын алу

Құқық бұзушылық пен жұқпалы аурулардың алдын алу

ЖОСАЛЫ, 11 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамовтың «Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің денсаулыққа зияндылығын түсіндірудің Бірлескен жұмыс кестесіне» сәйкес колледж білім алушыларына «Жастар.Құқық.Денсаулық.» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің ӘПБ-нің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Жұмағұлов Қ.М. «Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік-құқықтық жауапкершілік.» тақырыбында, ШЖҚ КМК Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының Салауатты өмір салты дәрігері Төлеген А.Т. «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерінің зияндылығы, психикалық белсенді заттардың кері әсері. Коронавирустың алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, видеороликтер көрсетті. Қармақшы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Медеуова, «Жастар ресурстық орталығы» Байқоңыр филиалының басшысы И.С.Қабатова, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Байқоңыр қаласы бойынша бөлімшесінің меңгерушісі, теолог Күнмырза Н.К., Байқоңыр қалалық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Абдиканиева А.К. жастардың қоғамдық жұмыстарға қатысуының пайдалы жақтарын, маңыздылығын айтып, еріктілер қатарына жазылып, қоғамдық жұмыстарды бірігіп атқаруға шақырып, өз болашағына балта шауып, қор болып, шылым шегіп, нашақорлыққа барған жастар туралы мысалдар келтіріп, білім алушыларды пайдалы жұмыс жасауға шақырды.
11 ақпан 2020 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031