«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» атты республикалық акциясы өткізілуде
qarmaqshy-tany.kz Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 2005 жылғы 25 қазандағы қаулысына сәйкес қарашаның үшінші жексенбісі Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні болып табылады. Осыған байланысты және жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында ағымдағы жылғы 14-20 қараша аралығында аудан көлемінде «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – жолдарда қаза болу, жарақат алудың жантүршігерлік ауқымына және барлық жол қозғалысы қатысушыларының ықтимал қауіп-қатеріне назар аудару.
Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың жаяу жүргіншілер өткелінен өту талаптарын сақтамауы, жылдамдық ережесі мен басып озу тәртібін сақтамауы және қарама-қарсы бағытқа шығып кетуі салдары.
Әлемдегі статистикаға сүйенсек, жолдағы оқиғалар жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін қияды және мүгедек етеді. Жолдағы апаттар өлім себептерінің арасында бірінші орында тұр.
Сондықтанда апаттылықтың алдын алуға және жолдағы құқық бұзушылықтарға елеулі қарсы тұруды бірінші кезекке шығару қажет. Жолдарда қауіпсіздік ережесін сақтап, жүргізушілер барынша сақтық шараларына мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жүргізуші мәдениетін қалыптастыруы керек.
Акция барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен білім беру ұйымдарында балалардың жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау, жол ережелерін үйрету, түсіндіру шаралары жүргізілуде.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі