» » «Абайлаңыз – балалар!» атты акциясы өтуде

«Абайлаңыз – балалар!» атты акциясы өтуде

Аудан көлемінде жаңа оқу жылы қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу және олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 11-14 күндері аралығында «Абайлаңыз - балалар!» акциясы өткізілуде.
Бұл акцияның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстыру, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналардың назарын аудару.
Байлығымыз – балалар! Келешегіміз де сол бүлдіршіндер. Ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз. Сондықтан отбасында ата-ана, мектепте ұстаздар, ал жол бойында полиция қызметкерлері балаларымыздың санасына жол жүру ережелерін ұдайы сіңіріп, бағыт-бағдар беріп отырғаны абзал. Өйткені, сақтықта қорлық жоқ...
Естеріңізде болсын: бала «жол ережесіне» өз ата-аналарынан және басқа да үлкендерден алған өнегесі арқылы үйренеді.Сондықтан, сіздің жолдағы үлгілі тәртібіңіз арқылы сіздің және басқа да балалардың жол ережесін сақтап, әр түрлі жол апаттарынан сақ болуына өз ықпалыңызды тигізесіз.

#Қармақшы АПб ЖПҚб

12 тамыз 2022 ж. 890 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 609
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930