» » Парызын орындаған ер Сарбаз!

Парызын орындаған ер Сарбаз!

2021 жылдың күзінде Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан әскерге шақырылған жастар еліміздің әр өңірінде Отан алдындағы парыздарын орындап туған жерлеріне оралуда.

Қазірде, мерзімді әскери қызметін абыроймен өткеріп, туған жеріне табан тіреген сарбаздарды ата-аналары мен жақын-туыстары теміржол бекетінен күтіп алып, қауышқан сәттерін көптеп кездестіруге болады.
Сондай сарбаздардың бірі өткен жылы Сыр бойынан әскерге шақырылған - қатардағы жауынгер Әлихан Баймұратұлы. Әлихан өзі армандаған мерзімді әскери қызметін Сарыөзек гарнизонына қарасты 29108 әскери бөлімінде өткерді. Бір жыл көлемінде командирлер мен сержанттардың тапсырмаларын жоғары дәрежеде орындап, басшылықтың алғысына ие бола білді.
- Әскери бөлімде мерзімді әскери қызмет атқарғаныма қуаныштымын. Әскери қызмет барысында жауынгерлік даярлықтың қыр-сырын меңгеріп, ер жігіттің бойында болуы тиіс ержүректілік, табандылық және қайсарлық сияқты қасиеттерді қалыптастыра білдім. Бұның бәрі менің алдағы өмірімде қиыншылықтарды оңай жеңуіме көмектеседі деп сенемін. Барша замандастарымды Отан алдындағы борыштарын орындауға шақырамын, - дейді Әлихан Баймұратұлы.
Сыр елінен Отан қорғауға аттанып, мерзімді әскери қызметін атқарған әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызмет етуге бел буғандар да аз емес. Туған елі үшін еш ойланбастан Отан қорғауға аттанып, парызды алдыңғы орынға қойған сарбаздарға сәттілік тілейік.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
13 қараша 2022 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 153
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 798

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031