» » Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің

qarmaqshy-tany.kz Расында да денсаулықтың қадірін әрбір адам жанына батқан аурудан білетіні рас. Мен күнде азанмен аула сыртына шыққанда үйімнің жанынан көше бойында қолына таяғын ұстап, кетіп бара жатқан егде жастағы әйелді көремін.

Ол кісі кейде жүріп келе жатып, екі қолын кезек-кезек көтеріп, жаттығу жасайды. Содан соң біздің көшедегі балалар ойын және спорт алаңындағы жаттығуға арналған құрылғылармен түрлі дене қозғалысын жасайды.
Апамыздың көпке үлгі боларлықтай игі ісін қызықтап, онымен жолығуды жоспарлап жүрген болатынмын. Міне соның жақында сәті түсті. Азанмен ерте есік алдына шыққанымда апамыз спорттық құрылғылармен кезекті жаттығуын жасауда екен.
Амандық-саулық сұрап болған соң, екеуміз алаңдағы орындыққа жайғастық.
– Мен қазіргі Ақжар ауылы, бұрынғы «Ақбел» атты мекенде Нұрынбай есімді елге есепші болып танылған азаматтың отбасында дүние дидарын аштым. Төрт ағайындымыз. Бойжеткен соң Алланың қалауымен Иса Шағалтаев деген азаматпен шаңырақ көтердім. Тағдыр қосқан жарыммен бірге Қармақшы ауылында 1960-1995 жылдар аралығында қой бақтық. Өмірге ұрпақ әкеліп, бүгінде олардың қоғамнан өз орнын сайлап алуына қолдау көрсетіп отырған жайымыз бар, – деп анамыз өткен өміріне көз жүгіртіп алды.
– Көп ауырдым. Жүрек, бауыр және қан қысымы менің жаныма көптен серік болып келе жатқан аурудың түрі. Осылармен арпалысып келе жатқаныма да көп болды. Десе де міне оншақты жылдан бері мынадай емдік әдісті, яғни ерте далада жүріп, тынығу, жаттығу жасауды қолға алғаныма. Құдайға шүкір, біреуге өтірік, біреуге шын бүгінде осы жаттығулар арқылы өзімді жақсы сезінемін. Дәрігер берген дәрілерді сиреттім. Мына жаттығу құрылғылары көптеген азаматқа ем болуда. Менімен бірге осы аймақта тұратын азаматтар мен қыз-келіншектер, жастар да жаттығып жатады. Осындай жаттығу алаңын жасап берген аудан азаматтарына айтар аналық алғысым шексіз. Әрине мұндай құрылғылар кенттен басқа да жерлерге салынса, құба-құп болар еді. Осындай спорт алаңы науқасынан көз аша алмай жүрген біздер сияқты қарияларға аса қажет, – дейді 82 жасқа келген ардагер Гүлжамал Жиенбайқызы.
Спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екендігі белгілі. Оған үлкен кісілердің ден қойғаны көңіл қуантарлық жайт.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
06 қараша 2022 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031