» » «Сенбей жүргенімде селт еткізді»

«Сенбей жүргенімде селт еткізді»

Бүгін күндегідей емес ауа-райы ерекше әдемі. Күн ұясынан шығар шықпасын білмей, аспанды бұлт басып, жауын шашын жауғысы келіп тұрғандай. Жаздың ыстың аптабынан шаршаған жас та, кәрі де осы қолайлы ауа-райын пайдаланып, далада жүр. Мен де әдеттегідей таңғы салқынмен есік алдына шыққан болатынмын. Мектеп ауласында доп ойнаған жасөспірімдер, бойын шынықтырып жатқан қария кісі бәрі-бәрі таңғы салқынмен спорттың түр-түрімен айналысуда. Кенет көзім орта жастағы, аққұба апайға түсті. Бір отырып, бір тұрып түрлі тыныс алу жаттығуын жасап, қанатын кеңге жайып бұрын-соңды көрмеген жаттығуды орындауда. Бір кезде ұзақ жаттығулардан соң орындыққа жайғасып отырды, мен де апайды өзіме жақын тартып, танысуға ыңғайландым. Қармақшылық жерлесім болып шықты. Апайдан сұраған ең бірінші сұрағым жасаған жаттығуларыңыз бұрын көрмеген қимылдар екен дегенімде, апайым:
– Иә, мен де мұндай жаттығуды алғаш көріп, алғаш жасауым. Осы жасқа келгенде жаттығу жасап, елдің назарын өзіме аударамын деп еш ойламаппын. Мына індет біздің де отбасымызды айналып өтпеді. Үйдегі неше жан болса, барлығымыз осы індетпен бір айдан бері күресудеміз, – деді. Содан апайдың отбасында болып жатқан денсаулық үшін күрестің мән-жайын одан әрі тыңдадым. «Денемді қара зіл басып, ыстығым 37 градустан асып, жоғарылай берді. Ауруды дәрісіз емдеуге тырыстым. Адыраспан әрбір қазақтың үйінде болуы керек екен. Осыған көзім жетті. Адыраспанды жиі түтетіп, тыныстап демалдым. Бал мен лимон қосылған шай іштім. Қыстан қалған тосап та, орыс ағайындардың айтуымен қырықбуын іштім. Одан қала бере өзімді психологиялық тұрғыдан ауруға берілмеуге дайындадым. Ауруды сен жеңбесең, ауру сені жеңіп, өкпенің қуысына жайғасып алатынын түсіндім. Денсаулықтың кепілі – спорт дегенге де басымды идім. Осы спорттың көмегімен денсаулығымды түзеп келемін. Әрине, егер дене қызуы қатты көтеріліп, ауру дендесе жедел жәрдем шақыртып, дәрігерге қаралып қаралу керек» деді.
Апайдың ауруды жеңгеніне қуандым. Адыраспан, ыстық шәй, бал, емдік шөптер, қымыз міне осындай қазағымызға тән нәрдің барлығы – еселеп жасалған ем болып шықты. Себебі «Бұл ауру пендені аяудан жұрдай, сенбей жүргенімде селт еткізіп, кеудемнен пышақ ұрды» деген сөзі тәубеге кез келгенді келтіретіндей. Апай, қазіргі күнде де әрбіріміз бозда ойнап жүргендейміз, кеңесіңізді айтыңызшы дегенімде «Денсаулықтың ақшадан да, әдеміліктен де, қызметтен де, абырой-атақтан да ең бірінші тұратын құндылық екенін түсіндім. Тек күтініңіздер» деп қысқа қайырды да тыныс алу жаттығуларын әрі қарай жалғастырды. Ал мен осы тыңдаған әңгімемді қағаз бетіне түсіруге үйге асықтым.

Гүлжан САРТАЙҚЫЗЫ
Байқоңыр қаласы
28 шілде 2020 ж. 821 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031