» » Грыжаны қалай емдеуге болады?

Грыжаны қалай емдеуге болады?

Арқа омыртқасындағы жарықты (грыжа) кетірудің жолдары өте көп. Массаж жасау арқылы, түрлі жаттығулармен, халықтық емдеу жолдарымен де емделіп жүргендер бар. Омыртқааралық грыжаны емдеуге бұл емдік тәсілдердің барлығы да әсер етеді. Дегенмен, соңғы кезде фитнес арқылы емделу қолға алынып жатыр.
Арқа омыртқасындағы жарықты (грыжа) кетірудің жолдары өте көп. Массаж жасау арқылы, түрлі жаттығулармен, халықтық емдеу жолдарымен де емделіп жүргендер бар. Омыртқааралық грыжаны емдеуге бұл емдік тәсілдердің барлығы да әсер етеді. Дегенмен, соңғы кезде фитнес арқылы емделу қолға алынып жатыр. Сол себепті омыртқааралық грыжадан зардап шегіп, жанын қоярға жер таппай жүргендер болса, бізге қосылсын. Жаттығуды бастайық!
  • 1. Бастапқы қалып: шалқадан жату. Қолды шынтақтан бүгіп, еденге тірейсіз де, көкірек тұсына дейін бір-біріне жақындатасыз. Сосын мостикке тұрғандай қылып, көкіректі көтересіз. Осы қалыпта тұра алғаныңызша тұрыңыз. Кейіннен денені босатып, бастапқы қалыпқа келесіз. Жаттығуды 7-8 рет қайталауға болады.
  • 2. Бастапқы қалып: шалқаңыздан жатыңыз. Аяқты бүгіп, қолды созып жатасыз. Содан соң жамбасты жай қимылмен жоғары қарай көтересіз. Осы қалыпта да біраз тұрыңыз. Жаттығу барысында арқаға күш түсуі керек. Жаттығуды аяқтап, бастапқы қалыпқа келесіз. 6-7 рет қайталаған дұрыс.
  • 3. Үшінші жаттығуда да шалқаңыздан жатып, жаттығуды бастайсыз. Бұл жаттығуда екінші жаттығуды дамытасыз деп айтуға болады. Өйткені дәл сол қалыпта жатып, жамбасты жоғарыға барынша көтересіз. Сонда арқаға көбірек салмақ түседі. Осылайша жаттығуда 3-4 рет қана қайталау ұсынылады.
  • 4. Шалқаңыздан жатып, қолды басқа қоясыз. Бір аяқты бүгіп, қарынға қарай тартасыз. Сосын қайтадан созып, жаттығуды бірнеше рет қайталау керек. Жаттығуды әрбір аяқпен жасап, барлығы 6-7 рет қайталауға болады.
  • 5. Омыртқаға арналған ең оңай жаттығулардың бірі деп айта аламыз. Бұл жаттығуды орындау барысында қиындық болмайды деп айта аламыз. Бастапқы қалып: шалқадан жату. Сол қол мен сол аяқты жоғары көтеріңіз. Дәл осылай ауада 8 секунд ұстап, түсіресіз. Жаттығуды оң аяқпен жалғастырыңыз. Бас-аяғы 6-7 рет қайталасаңыз жетіп жатыр.
  • 6. Алдыңғы жаттығулардағыдай қалыппен жатып, аяқ-қолды созасыз. Содан соң бір аяғыңызды жоғары көтеріп, екіншісін бүгіп, 10-20 секунд қатып қалыңыз. Жаттығуды аяқтаған соң жай қимылмен аяқты төмен түсіру керек. Кейіннен жаттығуды керісінше жасайсыз. 7-8 рет қайталаған жеткілікті.
  • 7. Бастапқы қалып: етбетінен жату. Осы қалыпта жатыңыз да шынтағыңызды бүгіңіз. Қоды құлақ тұсына қоясыз. Артынша қарынға күш сала отырып, дене мен аяқты жоғары көтеруге тырысыңыз. Бастапқы қалыпқа келіп, жаттығуды қайта жалғастырасыз. 5-6 рет қайталаған дұрыс.
  • 8. Етбеттеп жатып, шынтағыңызды бүгіңіз де, еденге тіреңіз. Содан соң денені жоғары барынша көтеріп, басты артқа қарай шалқайтасыз. Жаттығуды 7-8 рет қайталасаңыз, жақсы нәтиже береді.
  • 9. Бастапқы қалып: етбеттеп жату. Екі қолды екі жаққа созып, босаңсыту керек. Ал, аяқты бүгіп, сол қалыпта біраз тұрыңыз. Арқа омыртқасы жаттығу барысында ауырсынуы мүмкін. Дегенмен, осындай жеңіл жаттығулар ауырғанды басып, жағдайыңыз біршама жақсарып қалатыны сөзсіз.
  • 10. Төрт тағандап тұрып, алақанды ішке қааратып, шынтақты жазып ұстайсыз. Осы қалыппен тұрып, денені төмен түсіріңіз де, жамбасты артқа қарай созыңыз. Сонда жамбас еденге тиюі қажет. Қайтадан алға қарай созып, жаттығуды бірнеше рет қайталасаңыз болады. Жаттығу барысында денені босаңсытпай, түзу ұстаған дұрыс. Барлық жаттығуды дұрыс орындайтын болсаңыз аурудан айығасыз.
  • 11. Бұл жаттығуды бастамас бұрын төрт тағандап тұрып алыңыз. Содан соң алға-артқа жүру керек. Бірақ арқаны түсу ұстауға тырысыңыз.
  • 12. Соңғы жаттығуды жасау үшін де төрт тағандап тұру керек. Алайда бұл жаттығуды орындау қиын емес. Тек сол қалыппен тұрып, арқаны тік ұстап, тізені оңға-солға көтересіз. Яғни, оң аяқты оң жаққа қарай, сол аяқты сол жаққа қарай көтеру керек.
Аталмыш жаттығуларды үй жағдайында орындау ұсынылады. Егерде арқа омыртқаңыз ауырып, сыздай бастаса жоғарыда берілген жаттығуларды жасаңыз. Тіпті, күн сайын осы жаттығулармен айналысып, әдетке айналдырсаңыз, ауру мазаламайтын болады.
13 қыркүйек 2018 ж. 11 601 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 12:19
Anafranil Online Alli Orlistat viagra online How Often Can I Take Amoxicillin

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 944

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031