» » Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

Көптеген қыз беттегі, денедегі тыртықты кетірудің әдістерін сұрайды. Себебі тыртық ер адамға ғана жарасымды. Ал әйел заты қолынан келетін әдістің бәрін жасап, мейлінше жоқ етуге тырысары анық. Сол себепті назарларыңызға тыртықты кетірудің бірнеше жолын ұсынамыз. Қазірде косметикалық салондарда тыртықты жазатын арнайы процедуралар бар. Косметологтардың лазер, пилинг, дермабразия, криотерапия (қою азотпен емдеу) секілді әдістері бар. Алайда салонға ақша құртпай-ақ, үй жағдайында тыртықты кетірудің жолдары бар. Олардың бірі балдырмен (бодяга) емдеу. Ол теріге сіңіп, қан айналымын тездетеді. Нәтижесінде терінің регенерациясы басталып, зат алмасу үдерістері жылдамырақ жүреді. Бұл әдісті аптасына 2-3 рет қайталап тұрған жөн. Ал нәтижесін тек жарты жылдан кейін байқайсыз. Егер тыртық бар жерде түк, шаш өсетін болса, тек тыртық бар жерге жағуға тырысыңыз. Себебі балдыр шаштың өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар тыртықты кетіру үшін қауынның дәнін пайдалануға болады. Ол үшін жақсы піскен қауыннын дәндерін теріп алып, құрғатыңыз. Құрғаған соң жақсылап тазарту керек. 15-20 дәнді ұсақтап кесіп, 2 жұмыртқаның ұнтақталған қабығы мен 5 мл зәйтүн майымен араластырыңыз. Масканы тыртыққа жағып, бинтпен орап тастаңыз. Бұл әдісті күнделікті 20 күн бойы жасап тұрыңыз. Нәтижеге жетпейінше арасына бір апта салып, тағы 20 күндік процедураны қайталаңыз. Жұпар жаңғағы (мускат) терең, үлкен тыртықтарды кетіруге көмектеседі. Оны 1:4 қатынасында балмен араластырып, жағыңыз. Жарты сағаттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұны 1-2 жыл бойы араға бір күн салып, жасап тұруға болады. Егер теріңіз қызарып, қабыршақтанатын болса, балдың орнына сүтті қолданыңыз.

16 маусым 2018 ж. 3 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930