» » Таңғы кеңес: сергек оянудың сыры

Таңғы кеңес: сергек оянудың сыры

✅ Денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы болу үшін, таңмен, тіпті төсектен тұрмастан мынандай жаттығуларды жасауды әдетке айналдырыңыз.

✅ Оянған сәтте көзіңізді қайта жұмып, алақандарыңызбен құлақтарыңызды қысып, жоғары-төмен 20 рет айналдырыңыз. Бұл қарапайым жаттығу самайдағы қан айналымын реттеп, оятады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды күнделікті жасау көз, тіс саулығына жақсы әсер етіп, бет терісінің жағдайы мен түсін жақсартады. 

✅ Оң қолыңызды маңдайға қойып, үстінен сол алақанмен жабыңыз. Қолдарыңызбен екі шетке 20 рет қозғалтыңыз. Бұл жаттығу сізді күні бойы бас ауруынан сақтайды. 

✅ Көзіңізді жұмып, бас бармақпен көздің үстін 15 рет уқалаңыз. Бұл жаттығуды өте абай болып жасаған жөн. Жаттығу нәтижесінде көру қасиеті жақсарып, жүйке жүйесі реттеледі. 

✅ Жатқан бойда аяқты тізеде бүгіп, алақандарыңызды ішке қойыңыз. Сағат тілі бойынша қолдарыңызды 30-40 рет айналдырыңыз. Бұл "іш массажы" асқорыту жүйесін реттеп, іш бұлшық еттерін берік қылады. Бауыр саулығына да оң әсері бар. 

✅Тура осылай жатып, қолдарыңызды іштен алыңыз. Қарынды ішке қарай барынша тартып, қайта шығарыңыз. 20 рет қайталанған бұл жаттығу қан мен өттің тұрып қалмауына кепіл бере алады. Сонымен қатар бауыр, бүйрек және жалпы асқорыту жүйесін реттейді. 

✅ Тізеде бүгілген аяқтарды кеудеңізге тақап, қолыңызбен құшақтап алыңыз. Қайта түзулетіп, жаттығуды қайталаңыз. Бұл жаттығу кеудені, ішті жаттықтырады.

✅ Бұл жаттығулар жиынтығының соңында аяқ массажын істеген жөн. Бұл жалпы күні бойы аяқтарыңыз шаршамай жүруіне көмектеседі. 

✅ Біз ұсынған жаттығуларды жасап болғаннан кейін бір керіліп, тартылып, орныңыздан тұрып, жаңа күнді бағындыруға ниеттеніңіз.
25 қазан 2018 ж. 2 709 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 941

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031