» » Қолды жуған соң неге сілкуге болмайды?

Қолды жуған соң неге сілкуге болмайды?


Бірде Ғайса пайғамбар жолаушылап келе жатып, Ібілісті көреді. Ібіліс ізіне жүздеген ұрпағын ертіп алып, сап болып кетіп бара жатыр екен. Ғайса: 
– Әй, Ібіліс мынаның барлығы балаларың ба? – деп сұрайды. 
– Иә, балаларым. 
– Не деген көп. Қалай өсіп, көбейгенсіңдер? – деп таңқалады. Сонда, Ібіліс:
– Кей адамдар қолын жуған кезде сілкілейді. Сілкігенде шашыраған әр тамшыдан менің балаларым пайда болады. Адам қолын жуғанда, «сүлгімен сүртпей сілкісе екен» деп тілеп тұрамын, – депті. 
Ібілістің жауабын естігенде Ғайсаның жүрегі дір ете қалыпты. Содан бастап ол жуған қолды сілкімеңдер деп үгіт-насихат етіпті.
31 қазан 2019 ж. 6 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 048
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 264

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031