» » Ұлттық Республика күні: Т.Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналған республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өткізілді

Ұлттық Республика күні: Т.Ізтілеуұлының 140 жылдығына арналған республикалық жыршы-жыраулар фестивалі өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Қасиетті Қармақшы жері ақындық пен жыраулықтың отаны, көмейінен жыр саулаған сүлейлер өлкесі екенін мақтанышпен айта аламыз. Бір ауылдан жүзден аса ақын-жырау шыққан, таңды таңға жалғаған сөз жүйріктері ұлы өнерді ұлт мұрасына айналдырған құтты топырақтың қазақ руханиятында орны ерекше.
Бүгін Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде байрағы биік бағзы өнеріміздің бүгінге жетуіне дара дарынымен, тума талантымен үлес қосқан Алты Алашқа аты мәлім ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 140жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жасымнан назым сөзге шебер едім» атты республикалық жыршы-жыраулар фестивалі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, Қорқыт елі-Қармақшының аспанын жырмен әуелетті.
Жыр фестивалінің алғашқы құттықтау сөзі Қармақшы ауданының әкімі Ерсұлтанов Әділбек Бөрібайұлы сөз алып, құрметті қонақтар мен фестивальге қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Ең алдымен, баршаңызды 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекесімен құттықтаймын!
Ел тәуелсіздігінің бастауы болып табылатын маңызы зор бүгінгі мерекеде ауданымызда даңқты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдық мерейтойы қатар атап өтіліп, берекелі де игі істер жалғасын табуда.
Сыр бойындағы исі қазаққа аты мәлім шоқтығы биік тұлғалардың бірі де бірегейі Тұрмағамбет Ізтілеуов артына өшпес өлең мұрасын қалдырған ақынның мерейтойы аясында ұйымдастырылып отырған бүгінгі жыр додасы – өлкеміздегі ұлы өнерге деген құрмет, тау тұлға ақынның жауһар жырларын жаңғырту, ұлттық өнеріміз – дәстүрлі жыр-мұрамызды дәріптеу болып табылады-деді аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов.
Сондай-ақ жыр фестивалін Алматы қаласынан арнайы келген Ұлжан Байбосынова, Шымкент қаласынан Ғазиза Шаймаханова және сондай-ақ мәдениет саласының үздіктері, жыршылар Шолпан Бимбетова, Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Серік Жақсығұлов, Әділхан Қуаңбаев және жас жыршы Әлішер Мырзағалиевтер қатысып, жыр көрігін қыздырды.
Бұлбұл үнді, саф алтындай асыл өнеріміз - жыраулықты насихаттап жүрген жыршы-жырауларымызға аудан әкімінің арнайы дипломдары мен сый-сияпаттары табыс етілді.
Қасиетті өлкедегі өнер көші мәңгілік жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіні сөзсіз.

23 қазан 2022 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 302

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 399

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930