» » Тарих бетінен өшпейтін күн

Тарих бетінен өшпейтін күн

qarmaqshy-tany.kz ОН ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ БОЙЫ БАРША ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА ҰМЫТ БОЛҒАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЙТА ТОЙЛАНБАҚ. БИЫЛДАН БАСТАП ЕЛІМІЗ 25 ҚАЗАН КҮНІН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ АТАП ӨТЕДІ.

1990 жылы қазанның 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет болып таныла бастады. Бұл декларация ел тәуелсіздігінің іргетасы болды. Өзінің жеке территориясы мен діні, тілі, азаматтығы мен жеке бюджеті бар дербес елге айналдық. Бұл акт арқылы әлемде Қазақстан Республикасы бой көтерді. 2001 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. Елде мерекелік көңіл-күй орнап, концерттік бағдарлармалар қойылып, халық шат-шадыман күйде жүрді. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем кар- тасында орын алдық. Бұл ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы еді. Республика күні қалай оралды? Тарихқа үңілсек, Қазақстан тәуелсіздігін алу үшін жүздеген жыл қажет болды. Еліміздің азаттығы үшін мыңдаған адамдар күресіп, туған жерінің болашағы үшін қаншамасы жан қиды. Ежелден ата-бабаларымыз жерімізді жоңғарлардың шабуылынан қорғап келген. Патша заманында адамдар өлім мен әділетсіздік, ашаршылық, қайғы мен бақытсыздықты көрді, шығынның не екенін білді. Сондай-ақ Қазақстан халқы біртұтас елдің бір бөлігі бола отырып, Ұлы Отан соғысы жылдарында елін қорғады. Ата-бабамыз ерлік пен ортақ жеңіске деген жігерін көрсетті. Кеңес кезеңінде 70 жылдан астам уақыт тәуелді ел болдық. Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, М.Тынышбайұлы, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбайұлы, Х.Досмұхамедов, тағы басқасы қазақ халқының қамын ойлап, тіл мәселесі, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, қазақ ұлтының құқығын барынша дәрежелеп, елдің еркіндігі үшін ұлт болып қалыптасуға өлшеусіз еңбек сіңіріп, ел, жер, тіл жолындағы күрестері бүгінгі бейбітшілік күн аясында бақытты өмір сүріп отырған қазақ баласына тағылымды мұра, өшпес өнеге. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі жан алып, жан беруі – олардың ел тағдырында тілдің маңызын терең әрі жан-жақты түсінгенін аңғартады. Қазіргідей ана тіліміздің мерейінің өсіп, өркендеп жатқаны осындай қоғам қайраткерлерінің, ғасырдың біртуар тұлғаларының арқасы деп білеміз. Олар – ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырып, анағұрлым байыта түсті. Халқымыздың басынан қаншама қиындық пен қасірет өткен кезеңде де туған тілімізді жоғалтпай, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды, мәдениетімізді, халқымызды сақтап қалуға өз үлестерін қосты. Осыдан 36 жыл бұрын тарихқа енген Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жолындағы үлкен күрес еді. Жүрегі қазақ деп соққан жастардың ел, ұлт үшін жанын қиғанын, оларға қиянат жасалғанын көрдік. Жастар арасында белсенділік танытқан желтоқсаншылар Қ.Рысқұлбеков, Ж.Сәбитова, Л.Асанова, Е.Сыпатаев, С.Мұхаммеджановалар нағыз патриоттар болатын. Ендігі кезекте қазақ қоғамы аңсаған тәуелсіздікті қадірлеп-қастерлеу, арыстарымыздың еңбегін, ерлігін ұмытпау – кейінгі жас буынның парызы. 1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде тек қана халық болып қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына шаңырақ көтеріп, республика атанғанын бірінші болып мойындаған ел – Түркия мемлекеті де қуанышымызды бөлісіп, тілектестігін білдіріп жатты. Іргесі жаңадан қаланған мемлекетімізде көптеген істер атқарылып, төл теңгесі айналымға енді. Шекарасы шегенделіп, ядролық қарудан бас тартты. Әлемде алғашқылардың бірі болып бейбітшілікті қолдап, басқасын да соған шақырды. Астана қаласы гүлденіп-құлпырып зәулім ғимараттар бой көтерді. Ол еліміздің өркендеуінің айнасы, халықтың болашаққа деген үміті мен сенімінің белгісіне айналды. Қазақта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес. Республика күні – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, оттай лаулаған жігермен келген ұлы күн бұл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың отырысында осы мейрамды қайтару қажеттігін айтқан болатын. Көп ұзамай заң қабылданып, саяси әділдік орнады.
Бауыржан ЖҮНІСОВ,
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің студенті
19 қазан 2022 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031