Конституция
» » «Жалындап өткен жас ғұмыр»

«Жалындап өткен жас ғұмыр»

Қармақшы аудандық тарихи – өлкетану музейінің ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбында лекция оқылды. Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі бола білген қазақ халқының көгінде жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел – жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаевтың есімін ұлықтау мақсатында өткізілген лекция Қармақшы аграрлы – техникалық колледжінің студенттеріне оқылды.
Студенттер Ғани Мұратбаевтың қысқа ғана ғұмырында жеткен жетістіктері, аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылданғаны жөнінде мәліметтер алып, оның қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды тұлға екендігі турасында өз ойларын ортаға салды.
10 қазан 2022 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 413
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 926

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031