» » Жаңа "102" мобильді қосымшасы іске қосылды

Жаңа "102" мобильді қосымшасы іске қосылды


Жуырда Ішкі істер министрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған цифрлы жобаларды таныстырған болатын. Ұсынылған жобалар пилоттық режимде апробацияланған және Батыс Қазақстан облысында қолданысқа енгізуге дайын тұр.
Бұл қызмет түрі «Азаматтардың өтініштерін қабылдау процесінің бірізділігі» жобасының бір бөлігі болып табылады. Оның міндеті – полицияның халықтың сұранысына жауап беруін қамтамасыз ету.
Әзірленген қосымшаның көмегімен елдің әрбір тұрғыны жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы ақпарат жолдап, оның жауапсыз қалмайтынына сенімді бола алады. Жүйе арқылы өтініш беруге, оператормен аудио немесе бейне қоңырау арқылы байланысуға, қызмет алуға, сондай-ақ шақыруға жіберілген полиция жасағының жүрген жерін бақылауға болады.
Сонымен қатар «Police 102» мобильді қосымшасы және виджет арқылы бейне, аудио қоңыраулар жасауға болады, сондай-ақ «Telegram», «В контакте» жүйелеріндегі чат-боттар және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы виджет арқылы жазбаша түрде кеңес беріледі.
Азаматтар AppStore, PlayMarket арқылы «Police 102» ұялы қосымшасын тегін жүктеп алып, жеке мәліметтеріне сәйкес тіркеліп, электронды пошта немесе ұялы телефон енгізу арқылы растайды және таңдап алынған тақырыпқа сәйкес бейне/аудио қоңыраулар арқылы байланысып, өтініш/арыз/шағым қалдыруға, сондай-ақ оның орындалу барысын қарауға және кері байланыс жасауға мүмкіндік алады.
Аталған қосымшада «SOS тетігі» бар. ІІМ бұл жедел шақырту құрылғысын дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне орай көшелерде, қоғамдық орындарды және жолдарда орналастыруды ұсынады. Дабыл түймесін басу арқылы құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберуге немесе полициядан көмек сұрауға болады.

А.Қалыбаева,
Қармақшы АПб-нің Ақпараттандыру және байланыс
тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты
28 қыркүйек 2022 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930