» » Заң талабы баршаға ортақ

Заң талабы баршаға ортақ

Сауда нысандары халыққа қызмет көрсетумен бірге, ана тілінде жазылған маңдайшасы, жарнамасы арқылы елді патриоттыққа тәрбиелейді. Рейд мақсаты – ел азаматтарына өз ана тілімізді қастерлеуге үйрету, алдымен қазақ тілді қолдануды түсіндіру.
2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңдар мен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер енгізілгені белгілі. Онда халыққа қызмет көрсету орындарында (дүкен, монша, қонақүй, мейрамхана, тұрмыстық қызмет, т.б) ішкі-сыртқы жарнама және қызмет көрсетет қағаздары, оның ішінде ас мәзірі (меню) қазақ тілінде болатыны заңдастырылды. Осыған орай, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» аудандық филиалы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесе «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 21-бап талаптарына сәйкес Жосалы кентіндегі 10 кәсіпкерлік нысанға ақпараттық-түсіндірме және насихаттық жұмыстар жүргізді.
Сонымен бірге тамақтандыру мекемелеріне барып, асхана, мейрамхана, дәмханалардағы ас мәзірі туралы түсіндірме жасап, мәзірдің қазақ тілінде жазылуын көрді. Ондағы қызметкерлер түсіністік білдіріп, кемшіліктерді түзеуге уәде берді. Бірақ кейбір тағам атын қазақшалау қиындық келтіретінін жасырмады.
Келесі рейдте тамақтандыру орындары, қызмет көрсету мекемелеріндегі, дүкендердегі ішкі, сыртқы жарнамаға рейд жасалды. Кейбір кәсіпкерлер аталған ескертпеге бірден мән беріп келесі барғанымызда қазақ тілінде жазылғанын көрсек, ал кейбірі алдағы уақытта ретке келтіретіндерін айтты.
Заң талабын орындау баршамызға ортақ міндет. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №94-ҮІІ заңы жайлы қателіктің заң талабына сәйкестендірілуіне түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Тілге деген құрмет әрқайсысымыздың басты міндетіміз екенін ұмытпайық, ағайын!
Гүлжауһар РАЕВА,
Халықаралық «Қазақ тілі»
қоғамы» аудандық
филиалының төрағасы
24 қыркүйек 2022 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031