» » ТІЛ САҚШЫЛАРЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

ТІЛ САҚШЫЛАРЫ РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

Мемлекеттік тілге құрмет – баршаға міндет. Осы орайда бейсенбі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кенттегі кәсіпкерлік нысандарға ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізуге арнайы жұмысшы топ құрылып, рейдке шықты. Оған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» филиалының төрайымы К.Раева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Е.Наренов, кент әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Н.Оқасова, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскері А.Асқарова, БАҚ өкілдері қатысып, атауы талапқа сай жазылмаған кәсіпкерлік нысанның иелеріне заң талабын түсіндірді. Басты мақсат – аудандағы сауда орталықтары атауындағы ағаттықты ретке келтіру.
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі құралдар, ауызша ақпарат, жарнама-хабарландыру алдымен мемлекеттік тілде, содан соң қажет болған жағдайда өзге тілде беріледі делінген. Ал кенттегі бірқатар сауда орталықтарындағы маңдайша жазуы мен жарнамасы әзірге бұл талапқа толық сай келмей тұр. Кейбір нысандардың тіпті атауы да жоқ. Ал кейбірінің сыртында көрсетілетін қызмет түрі мүлде жазылмаған. Атауы ғана бар. Оның дүкен не болмаса сұлулық салоны, асхана екенін айыру қиын. Сол себепті жеке кәсіпкер өзінің нысанына атау беріп, көрсетілетін қызмет түрін жазу қажеттігі айтылды. Мұнан бөлек кейбір сауда орнының маңдайшадағы жазуы өшіп, түсіп қалған. Бұл жөніндегі меншік иелеріне хабарланып, алдағы уақытта шара көрілетіні ескертілді.
Мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, тіл заңдылығын сақтауды мақсат еткен рейд алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Қазан айында қорытынды зерделеу жұмысы жүргізіледі. Ескерту уақытында орындалмаған жағдайда жеке кәсіпкер айыппұл төлейтін болады. Сол себепті айтылған сын-ескертпеден нәтиже шығарған жөн болар.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
09 тамыз 2019 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 348
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 124

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930