» » Газбен жылытатын пешті қалай пайдаланып жүрсіз?

Газбен жылытатын пешті қалай пайдаланып жүрсіз?

Мамандар табиғи газбен жылытатын тұрмыстық пешті пайдаланбас бұрын ғимараттың ішін 10-15 минут желдету қажет деп кеңес береді. Адам өміріне қауіп төндіре алатын құрылғыны іске қоспай тұрып тексеріп алған абзал. Осыған орай Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Қармақшы ауданы, Жосалы кенттерінде өрт сөндіру бөлімі,ШЖҚ «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК қызметкерлері қатысуымен аудан тұрғындарына үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Тұрмыстық газбен жылыту пешін пайдаланбас бұрын әр үйдің иесі газ шүмектерінің жабық екеніне көз жеткізіп, содан кейін мұржаның ауаны тартуын тексеруі қажет. Мұржада тесіктер мен жарықтардың пайда болуынан, мұржа мен желдеткіш каналының бітелуінен, сондай-ақ газ плиталарын жылыту құралы ретінде пайдаланудан улы газ түзіледі. Улы газ үйдің ішіне тараса ауыр улануға әкеліп соқтырады.
– Тағы бір ескеретін жайт, пешті пайдалану барысында жарамдылық мерзімін де ескеру шарт. Сонымен бірге сала мамандары балалардың, өз іс-әрекетін бақылай алмайтын жандардың және пешті пайдалану ережелерін білмейтін адамдарға газ пешін іске қосуға, қандайда бір өзгеріс енгізуге тыйым салады. Ал фиксатор ілмегін қандай жағдайда да клапанның түймешесіне күшпен кигізуге болмайды. Өйткені ол қауіпсіздік автоматикасын істен шығарып, апат жағдайларға әкеледі.
Әр тұрғын жанып тұрған пешті бақылаусыз қалдырудан және газ құралдары орнатылған бөлмеде ұйықтаудан сақ болғаны дұрыс. Пәтерде, нысанда газдың иісі байқалған жағдайда бірінші кезекте газ шүмектерінің барлығын жауып, терезелерді ашу керек. Бұл сәтте ашық отты, электр желісін пайдалану өте қауіпті! Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану жөніндегі ереже талаптарын орындамау салдарынан өрттің шығуына немесе жарылысқа жол берген тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Жауапты мамандар кент тұрғындарына жылыту маусымы кезінде автономды жылыту жүйелерін, жылу қазандықтары мен газ пештерін ережеге сай пайдалануға шақырады.

Qyzylorda Gaz Taraty Juiesi 

19 қыркүйек 2022 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930