Мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы аймақтарды аралау жалғасуда
«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы Дүр Оңғар ауылына барды. «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Партия мүшелері Қармақшы ауданына қарасты Дүр Оңғар ауылына барды. Қабылдауға бір күнде 20-дан астам азамат келді.
Дүр Оңғар ауылының тұрғыны, Нұрсерік Бохаев ауылішілік жолдарды жөндеу, ауыл ішіне газ тарту сияқты түйіткілді мәселелерге шағым білдірді.
«Ауылда жолдардың сапасы нашар. Қысы-жазы жол жүру қиындық туғызады. Ауылдағы тағы бір түйіткілді мәселе – газ. Қазір көмір, ағаш қымбат. Көгілдір отын тартылса, ауылға көшіп келушілер саны көбейер еді. Бүгін «АМАNAT» партиясының мобильді бригадаcы азаматтарды қабылдап жатыр. Партияның қолдауымен жол салынып, газ келеді деген үмітіміз бар», - деді Нұрсерік Бохаев
Дүр Оңғар ауылының әкімі Әбимүсілім Қоқановтың айтуынша, ауылды газдандыру жоспарланған. Келесі жылға жобалық-сметалық құжат дайындалып, 2024 жылы ауылға көгілдір отын тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарға бюджеттен қаражат бөлінген. Жолды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жөнделетінін жеткізді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын ауылға емхана, балабақша салу, азық-түлік бағасының өсуі сияқты мәселелер толғандырады. Көтерілген мәселелер партия бақылауына алынып, сондай-ақ құзырлы органдарға ұсыныстар жолданды.
Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдаудың маңыздылығын талқылап, тұрғындарды белсенді болуға шақырды.
Айта кеткен жөн, мобильді топ өкілдері осыған дейін Қуаңдария, Қармақшы, Ақжар, Тұрмағамбет пен Алдашбай Ахун ауылдарында қабылдау жүргізген болатын. Алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлы түрде өзге елді мекендерде жалғасын таппақ.