» » «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы ауылдарды аралады

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы ауылдарды аралады

Кезектен тыс ХХІІ съезде «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым жұмысын қайта құруды тапсырды. Әрі қоғамдық қабылдау бөлмелері тек шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салатын орынға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. «Азаматтарды көшпелі қабылдауды жиі өткізіп, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесу керек» деді сол кезде партия Төрағасы.


Содан бастап мобильді қоғамдық қабылдаулар Қазақстанның бар­лық өңірлерін аралап, шалғай ауылдарға ерекше көңіл бөлді. Мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өз жұмысын атқарып жатыр.
Мәселен, кеше «AMANAT» партиясы мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің тобы кезекті жұмысын Алдашбай ахун мен Тұрмағамбет ауылдық округтерінде жалғастырды. Аталмыш қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға, көкейде жүрген өзекті мәселелер оңтайлы шешім табуға, сонымен қатар партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.


Ауыл тұрғындарын  облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сала басшылары қабылдады. Қабылдауға тұрғындар  жол, ауыз су, көгілдір отын, электр жарығы, жер телімі, қайтарымсыз грант, жұмысқа орналасу секілді мәселелер бойынша жүгінді.
Қабылдауға 20-дан аса адам келіп, 15 азаматтың көтерген мәселесі назарға алынды. Оның ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жобалар бар. Жеке мәселелері бойынша жүгінген тұрғындарға тиісті сала өкілдері тарапынан заңдылық аясында кеңестер мен сұрақтары бойынша жауаптар берілді. Жалпы, аталған ауылдық округтерде түйіні тарқамаған, шешуді қажет ететін мәселелер, барлық қойылған сұрақтар аманаттықтардың бақылауына алынды. Қабылдау соңында ауыл ақсақалдары өз ризашылықтарын білдіріп, мобильді топ өкілдерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.
Айта кеткен жөн, мобильді топ өкілдері осыған дейін Қуаңдария, Қармақшы, Ақжар ауылдарында қабылдау жүргізген болатын. Алдағы уақытта мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлы түрде өзге елді мекендерде жалғасын таппақ.

Айнұр ӘЛИ



24 тамыз 2022 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031