» » Маңызды мәселелер қамтылды

Маңызды мәселелер қамтылды

БҰЛ ЖОЛДАУДА МӘН-МАҢЫЗЫ ТЕРЕҢ КӨПТЕГЕН МӘСЕЛЕ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ. МӘСЕЛЕН, СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ЕЛЕУЛІЛЕРІНІҢ БІРІ – КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ. НЕГЕ ДЕСЕҢІЗ, ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КӨБІСІ ӘУЕЛГІ КЕЗЕКТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ БАСА КӨҢІЛ БӨЛІП, ОНЫ ӘРКЕЗ ДАМЫТЫП ОТЫРАДЫ.
Ол тарихи дәлелденген үрдіс. Сондықтан Перзиденттің осы саланы сөз ете келіп, «жеткілікті деңгейде қаржыландырылмаған» деуінің өзі бұл бағытта әлі де олқылық бар екенін аңғартады. Тағы да өзгерістер және қаржылай көмек қажет екенін айқындап айтты. Агроөнеркәсіпті дамыту да кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұл салада ғылыми тұжырымдамаларды кеңінен қолдану керек. Өйткені сапасы сын көтермейтін инфрақұрылым бұл саланың өрістеуіне тұсау салып отырғаны жасырын емес. Сондықтан, бұл салаға ғылыми тұжырымдаманы кіріктіре отырып, инфрақұрылымды жаңарту өте өзекті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы әлеуметтік салаға қатысты да көп жаңалық жария етті. Елдегі ең төменгі жалақы мөлшерінің көтерілуі, жемқорлардың желкесінен сығып алынған қаржыны ең алдымен мектеп салуға жұмсау – жақсы бастамалар. Онымен қоса, әлеуметтік әмиян жобасы да халық күткен жаңалық деп есептеймін. «Балалардың ұлттық қорын» құру шешімі әлеуметтің көңіліне медеу болғаны сөзсіз. Өмірге келген әр сәбиге арнайы шот ашылып, 18 жасқа дейін жеке жинағы жүргізілмек. Мұны депозит түріндегі шот деп түсіндім. Кәмелетке толған әр азаматтың есепшоты, мемлекет жинап берген қаржысы болса, бұл дегеніңіз үлкен жеңілдік, зор ғанибет емес пе? Өзіме тағы бір ұнаған бағыт – әр салаға білікті маман тарту. Өз басым өте қолдаймын. Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек, олар жан-жақтан, бүкіл әлемнен мықты деген ғалымдарды, тіс қаққан білімді мамандарды тартумен айналысқан. Бұл «тиімді көші-қон саясаты» деп аталады. Шынымен де, мемлекет үшін қажет орасан зор пайдасы бар саясат – осы. Кез келген салаға ғалымдарды, өнертапқыштарды шақыру үшін, әрине, тиісті жеңілдіктер, қаржылай преференциялар секілді қажетті жағдайлар жасалуы шарт. Осыны жақсы жолға қойса, жемісті мемлекеттік саясатқа айналар ма еді. Одан кейін кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім де тосын болды. Саяси науқаннан соң бір рет қана Президент болу ұсынысы қарастырылмақ. Бұл – өте дұрыс. Арнайы заң қабылданып жатса, елде үлкен саяси өзгеріс болары сөзсіз. Жалпы, осы Жолдауда ерекше екпін салынған бағыттар бұдан да көп болды.
Ерболат ҰЗАҚБАЕВ,
кент ардагерлер кеңесінің төрағасы
15 қыркүйек 2022 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031