» » Өмірлік мәні ерекше құндылықтар

Өмірлік мәні ерекше құндылықтар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы идеялық мазмұны терең, философиялық дүние. Бұл ең үлкен құндылық ретінде халықтың рухани дамуына соны серпін береді, адамдарды жарқын істерге жұмылдырады, жақсы өмірге жетелейді. Себебі қазіргі күрделі дүниеде әрекет ету үшін адамдарға көп нәрсені білуі, істей алуы, мақсатын айқындап, шешім қабылдауы қажет. Қоғамның дамуы адамдардың өздері өмір сүріп отырған кезеңдегі оның мәдениетіне, ғылыми – техникалық даму деңгейіне, өндіріс пен білімнің дәрежесіне, адамдардың білімдарлығы мен адамгершілігіне тәуелді болады. Көптің ойына келе бермейтін бастамалар көтеріп, нақты шешімдер қабылдау және соған жұртшылықты жұмылдырып, тиісті нәтижеге қол жеткізу - Елбасының озық ойшыл кемеңгерлігін көрсетеді. Өмірлк мәні ерекше жобалардың бірі - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап жұртшылық назарына ұсынылды. Әсіресе өсіп келе жатқан жастарымызға бұл оқулықтар рухани күш жігер береді. Бағдарламада көрсетілген құндылықтар дүниежүзілік мәдениеті игеруге үлкен жол ашатын, әлемді терең және дұрыс түсіну, яғни жалпы және жеке мақсаттарға жету әрекетінің тәсілдерін тандауға мүмкіндік беретін, еліміздің тәуелсіздік жолындағы кемелдікке қадам басуының көрінісі екені тарихи шындық. Рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан жобалардың әрқайсысының жүзеге асырылу жолдары айқын көрсетіліп, барлық буын өкілдеріне арнайы үн қатып, алға қойған мақсатқа жету жолында ақыл- парасатымызбен, күш-жігерімізбен еңбек етуге, отбасында, өмірдің барлық саласында бірліктің, биіктіктің, тектіліктің үлгісін көрсетуге шақырып отыр. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың жалғастыратынына кәміл сенемін. Сондықтан рухани жаңғыру жолында өмірлік мәні ерекше құндылықтарымызды қызу қолдап, атсалыссақ, елдігімізге жарасады деп ойлаймын.
Раева Гүлжауһар,
«Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
20 сәуір 2018 ж. 1 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031