» » БАЯНДЫ БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

БАЯНДЫ БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамымыздың дамуына үлкен серпіліс әкеліп, халыққа рухани сілкініс берген   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласының жарияланғалы бері
 айқындалған басымдықтар аясында бүгінде елімізде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтатын болсақ, мақаладағы өміршең   жобалардың барлығы да халық қолдауына ие болды.
Осындай ел мүддесіне арналған жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап Елбасының қатысуымен өткен алқалы жиында жұртшылық назарына ұсынылды. 
Алқалы жиында  Ре­ми Хесстің «Ф­и­ло­софияның таң­­дау­лы 25 кітабы», Джорди Ритцердің «Әлеу­меттану теориясы», Элиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе»,Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуника­ция», Алан Барнардтің «Антро­по­логия тарихы мен теориясы», Клаус Швабтың «Төртінші индус­триялық революция» және басқа да кітаптардың аудармалары таныстырылды.
Елбасы өз сөзінде  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты бағдарламалық мақаланың қазақ­стандықтар тарапынан кең қол­дауға ие болғанын айтып, оның жекелеген бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың нәти­желеріне тоқталды. Барлық өңір  «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып, бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөліндігін, сондай-ақ 700-ден астам мә­де­ниет ескерткіштері жөнделіп, қай­та қалпына келтірілгені сөз болды. Бұлүшін елімізде түрлі бағытта  жүз­де­ген ғылыми экспедициялар ұйым­дастырылғандығы белгілі болды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналғанын атап өтті. Рухани жаңғыру аясындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, «100 жаңа оқулық» жо­ба­сының жас ұрпаққа білім беру ісіндегі, жастардың жоғары ғы­лы­ми стандарттарға сәйкес білім алуы жолындағы маңызды роліне баса назар аударды. Бұл бағытта жасалып жатқан 800 кітаптан тұратын үздік оқу­лықтардың ауқымды тізімін әзірлеу, Ұлттық аударма бюросының  құрылып, жаңа бағытта жұмыс жасауға кірісуі туралы кешегі алғашқы 18 кітаптың таныстырылымында жан-жақты мағлұмат берілді.
Рухани жаңғырудың негізі халқымыздың тарихы, дәстүрі, тілі, өнері мен мәдениеті десек, бұл оқулықтар қазіргі жаһандану дәуірінде алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан көріну үшін, бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін жас ұрпақты әлемдік мәдениеттің терең қайнарынан сусындатуға бағытталған құнды құжат болғалы тұр.
 
Шегебай Құндақбаев,
«Ұлт бірлігі – Қармақшы» этнобағыттағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
 
 
13 сәуір 2018 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031