» » «Тіл - халық мұрасы»

«Тіл - халық мұрасы»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінде 5-ші қыркүйек күні Қазақстан Республикасының тілдері күніне арналған «Тіл-халық мұрасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш болып өтті.
Мақсаты: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Кешті қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы А.Джумагалиева М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңімен ашып, кіріспе сөз сөйледі. Колледждің 1-2 курс студенттері Е.Сансызбай, Ә.Жәнібекова, И.Жанықұлова, А.Қайыржанқызы, Н.Алпысбаев және Ф.Өмірзақтар мемлекеттік тілімізге арналған ақын -жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты.
Колледж кітапханашысы Б.Тоқабаева «Ұлылықтың отын жаққан шырақшы» тақырыбында Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновқа арналған кітап көрмесімен, қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Н.Абдиева қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолдарын слайд арқылы таныстырды.
- Ана тілі барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Анатіліңді қастерле! Осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолдану аясын барынша ұлғайту біздің мақсатымыз, - деп колледж әдіскері Р.Елдесбаева кешті қорытындылады.
06 қыркүйек 2022 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031