» » Жолдау – оң өзгерістер бастауы

Жолдау – оң өзгерістер бастауы

Жақында Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбында халыққа Жолдау жолдады. Оны Қазақстан халқы үлкен үмітпен күтті әрі ол үміт ақталды да. Жалпы әрбір Жолдаудың сол уақыттың талабына сай мән-маңызы болады. Биылғы Жолдауда көкейде жүрген ауқымды мәселелер қамтылған. Білім, денсаулық, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық секілді салаларға да көңіл бөлінген. Көпшіліктің талқысына түсіп жүрген тақырыптың бірі – әйелдердің зейнет жасы. Аталған мәселе Президент назарынан тыс қалмай, 2028 жылға дейін 61 жас болып тоқтатылды. Бұл үлкен шешім, үлкен қадам. Мұның артында экономикалық шешімдер бар. Мұндай қадамға бірден келу мүмкін емес. Алайда бұл мәселеге, мұндай шешімге дайындықтың бұрыннан болғаны көрініп тұр. Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға қор есебінен ақша жинақтау өзге дамыған елдерде бар тәжірибе. Негізінен мұндай қадамдар ел экономикасы көтеріліп, дамып, жақсы серпілісте тұрған кезеңде жасалады. Алайда біз дәл қазіргі қиын кезеңге қарамастан осындай қадамға барып жатырмыз. Президент өз сөзінде қабылданып жатқан бұл реформалар өзгерістердің басы ғана екенін жеткізді. Яғни алдағы уақытта мұнан да өзге оң бастамалардың қатары артатыны анық.
Сонымен қатар көпке жаңалық болғаны – кезектен тыс Президент сайлауының өтетіні. Бұл қолға алған бастамалар мен оң өзгерістердің аяқсыз қалмауы үшін жасалған бірден-бір оңтайлы шешім. Ал Президент мерзімін 7 жылмен және бір реттік етіп шектегені, бұл орынға отырған адамға үлкен жауапкершілік жүгін артып, осы уақыттың ішінде тарихи істерді атқаруым керек деген ойдың туындауына себеп болады. Мемлекет басшысының алдымен Президент сайлауын, одан соң Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу туралы ұсынысы өте дұрыс әрі жан-жақты сараптан өткен шешім. Өйткені Президент қай сөзінде болмасын қандай өзгеріс енгізсек те, өзімізден бастайық деп үнемі айтып жүреді.
Мемлекет басшысы бұл Жолдауды халыққа жолдады. Ал біздер, яғни мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мұндағы айтылған әрбір дүниені алтын көпір болып халыққа жеткізе білуіміз қажет. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімінің ұзаруы, 18 жасқа дейінгі әрбір балаға Ұлттық қордан қаржы бөлінетіні, жастарға өте төмен пайызбен несиенің берілуі, әйелдердің зейнет жасының 61 жас болып тоқтатылуы, үлкен салалардағы ауқымды өзгерістер туралы түрлі топқа жалпақ тілмен жеткізуге жұмыс жасауымыз қажет.
Әділ ҚОШАЛАҚОВ,
аудандық мәслихат хатшысы
06 қыркүйек 2022 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031