» » «Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Киік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 03.08.2022 жылғы №1-5-46/3736-И санды бұйрығына сәйкес, киіктерге қатысты браконьерлік фактілерін анықтауға және ашуға, олардың мүйіздерін заңсыз дайындаумен және елімізден тыс жерге контрабандалық шығарумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында, Қармақшы ауданы көлемінде ағымдағы жылдың тамыз айының 08-18 аралығында «Киік» өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзуды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу, анықтау болып табылады. Іс-шарада оған жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөліністерінің күштері мен құралдарының қажетті саны жұмылдырып, құқық бұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тарту көзделген.
Тәртіп сақшылары аудан көлемінде киік жануарын аулаған тұлғаларға қарсы жүйелі жұмыстар жүргізеді.

#Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі

08 тамыз 2022 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 966
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930