Конституция
» » Жосалы ауылындағы жарқын жетістіктер

Жосалы ауылындағы жарқын жетістіктер

Аудан әкімінің ауыл тұғындарымен кездесуі Жосалы ауылдық округінде жалғасын тапты.
Жосалы ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 39 бірлік, оның ішінде 36 кәсіпкерлік нысаны тұрақты жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысының да қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікке жағдай жасап, халықтың қолын аузына жеткізуді тапсырған үлкен міндеттемесі әр түрлі деңгейдегі әкімдердің алдында тұр. Демек, бұл – өзектілігін жоймас мәселелер қатарында.
Бүгінде елді мекен халқы егін және мал шаруашылығын дамытуға бет алған. Жеке тұрғындар 40 гектар егін екті. Бұл өз кезегінде көкөніс өнімдерінің нарықтағы бағасын тұрақты ұстап тұруға үлкен сеп болмақ. Елді мекендегі «Дәуіт» шаруа қожалығының егіс алқабына ат басын бұрған аудан әкімі дала диқандарының еңбегін тамашалады. Дәуіржан Қалдашбаев басқаратын «Дәуіт» шаруа қожалығы биыл 465 гектар егін екті, оның ішінде 270 га күріш, 20 га жаздық бидай, 10 га картоп, 5 га көкөніс, 20 га бақша, 55 га жаңа жоңышқа, 85 га ескі жоңышқа егілген. Мұнда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Елді мекенде мал шаруашылығы және басқа да кәсіпкерлік салаларында да өсім байқалады. Халықпен жүздескен аудан әкімі жергілікті жұртшылық үшін жеке қабылдау өткізді.
04 тамыз 2022 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 924

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031