» » Иіркөлде көп ізгі істер

Иіркөлде көп ізгі істер

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Ел Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, халық алдындағы есепті кездесуі мақсатында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов пен аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов ауданға қарасты Иіркөл ауылының тұрғындарымен кездесті.
Елді мекен халқының негізгі жұмыс көзі – егін және мал шаруашылығы. Бүгінде мұнда 46 гектар жерге егін егілген. Оның ішіндегі 10 гектарына картоп, 6 гектарына көкөніс және қалған 30 гектарына бақша өнімдері егілген. Бұдан бөлек, елді мекеннен 4 шаруа қожалығы құрылып, табанды еңбек етіп келеді.
Ауылдық мәдениет үйінде халықпен кездескен аудан әкімі халықтың осылай тірлік етіп, екі қолға бір күрек тауып жатқанына риза болды. Одан бөлек, ауылдағы тарқауын таппаған түйткілдер сөз болып, олардың шешілуіне ықпал ететінін жеткізді және ауылда атқарылар ауқымды істермен бөлісті.
«Елді мекендегі Доспанов көшесінің бойынан балалар және спорттық алаңының құрылғыларын орналастыру жобасына жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, жалпы құны 15,4 млн теңгені облыстық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды. Басқа мәселелер де кезең-кезеңмен шешіледі. Сандық деректерге жүгінсек, Иіркөл ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 25 бірлік болса, оның ішінде 24-і тұрақты жұмыс істеп келеді. Бұл – жақсы нәтиже. Әйтсе де, мұндағы әлеуметтік нысандар арқылы барлық тұрғынға бірдей жұмыс табыла бермейді. Сондықтан, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы жеке кәсіп ашуға шақырамын. Бұл ретте ауыл әкімі және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, кәсіпкерлер палатасы жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» деді аудан әкімі.
Кездесуден соң Әділбек Бөрібайұлы халыққа жеке қабылдау өткізді.

03 тамыз 2022 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930