» » Достық туын желбіреткен мекен

Достық туын желбіреткен мекен

Ауданға қарасты ІІІ Интернационал ауылы тату-тәтті, бірлікпен тірлік еткен ауыл ретінде танылған. Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов және аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов аталған елді мекенде халықпен кездесу мақсатында атбасын тіреді.
Алдымен аудан басшысы елді мекенде жеке кәсіп бастаған азаматтармен жүздесті. Ауыл тұрғыны Әли Махамбетов мал бордақылау алаңын ашқан болатын. Одан бөлек жергілікті халық автокөліктен ақау шықса, ат арытып ауданға немесе облыс орталығына бармай, ауылдағы Аслан Дямуршаевтың автокөлік жөндеу орталығына бас сұғады. Міне, осы жетістіктердің барлығына көз жеткізген аудан әкімі ауылдық мәдениет үйінде жергілікті халықпен жүздесті.
Айта кетейік, аудан экономикасын әртараптандыруда шикізаттық емес секторды дамыту маңызды. ІІІ Интернационал ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны 95 бірлік, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандары 89 бірлік.
ІІІ Интернационал ауылындағы спорт кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 2,5 млн теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, «Достық Жер МК» ЖШС демеушілігі есебінен 400 орындық тойхана салу жоспарлануда. Мұның барлығы аудан экономикасын, қала берді облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына тың серпін бермек.
Кездесуде халық ойларында жүрген сауалдарын жолдап тұщымды жауаптарын алды. Өз кезегінде кездесу аудан әкімінің жеке қабылдауына жалғасты.
03 тамыз 2022 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031