» » Атқарылған істер ауқымды

Атқарылған істер ауқымды

ЖАҚЫНДА АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ АЛАҢЫНДА БРИФИНГ ӨТКІЗДІ. ОНДА ОЛ АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАЯНДАДЫ.
– Қазір ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл сайын қарқын алып келе жатыр. Биыл да аудан бойынша барлық салаларда біршама оң өзгерістер байқалып отыр, – деп бастады ол сөз басын.
Аудан экономикасын әртараптандыруда шикізаттық емес секторды дамыту маңызды. Сондықтан, ағымдағы экономикалық жағдайда ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырумен қатар импорт алмастыру мәселесіне мән берілуде. Индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» фабрикасы. Көптен күткен нысан биыл жыл аяғына дейін іске қосылады деп күтілуде. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, «Тұрған тамы» шаруа қожалығының балық өңдеу цехын ашу жоспарланған.
– Аудандағы индустриялық аймақтың жалпы ауданы – 15 га. Өндіріс орындарын ашуға 4 кәсіпорынға жер телімдері берілгенімен, қазіргі таңда бір ғана кәсіпорын жұмыс жасап тұр. Іске асырылмаған 3 жобаның жер телімдері кері қайтарылды. Жұмыс жасап тұрғаны – «МИР-2001» ЖШС-нің бетон бұйымдарын өндіру базасы. Кәсіпорынға берілген жер телімінің ауданы – 2,5 га. Өндірістік базасын іске асыруға салынған инвестиция көлемі 115,0 млн теңге. Жұмыспен қамтылғандар саны 5 адам, 35 адамға дейін маусымдық жұмыстарға қабылданады. Осы ретте, жалпы ішкі өнімнің құрамындағы инвестицияның үлесін арттыру бағытында шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, «Қармақшы құс» ЖШС-ның жем шығару зауытын орналастыру жоспарлануда. Жоба құны 700,0 млн теңге көлемінде деп болжамдалуда. Берілетін жер телімінің ауданы – 12,5 гектар, – деді аудан басшысы.
Осы жоба іске асырылған уақытта индустриялды аймаққа темір жол тұйығы мен табиғи газ жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады.
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдауда барлық бағдарлама шеңберінде 45 жоба несиелендірілген. Ауданда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында түрлі санаттағы 13 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Олар 125 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Биыл аудан бойынша 2533 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. 6 айда 1045 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 41,2 процентке орындалыпты.
– Аудан еріктілері белсенді түрде жұмыс жасап, 2 жыл көлемінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, тұрмыс жағдайы төмен, тұрғын үйге мұқтаж жандарға 16 баспана табысталды. «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Демеу» еріктілер тобын атап өткен жөн. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамға бейімдеу, олардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар» қоғамдық бірлестігі және «Дәметкен ана» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы жұмыс жасауда, – деді аудан әкімі брифингте.
Биыл жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 371 жас жұмыссыз болып тіркеуге алынып, барлығы 204 адам жұмысқа жолданыпты. Хабарласқан жұмыссыз жастардың 55 проценті тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа 158 жас талаптануда. «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес 200 жас маусымдық жұмыспен қамтылып, ағымдағы жылдың мамыр-тамыз айларында көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. Айта кеткен жөн, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен жыл сайын қаржы бөлініп отыр.
– Биыл жалпы көлемі 24 326 гек  тар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі – 12 773 гектар. Орналастырылған 1021 га бидайға 15 шілдеден бастап орақ түсіп, қазіргі таңда 920 гектар бидай орылып, 386,4 тонна өнім алынды. Әр гектарынан орташа өнім 4,2 центнерден алынуда. Биылғы жылы аудан бойынша 30 ауыл шаруашылығы құрылымдарымен егін орналастыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 ірі, 6 орта, 23 шағын кәсіпкерлік субъектілер бар. Су тапшылығы жағдайында қашыртқы суларын қайта пайдалану үшін егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 39 дана және үй-іргелік жерлерде өсірілген көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 18 дана, барлығы 57 дана насос тұрақты жұмыс жасауда. Қосымша елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 24 су ұңғымасын қазу жобасы әзірленуде, – деді Әділбек Ерсұлтанов.
Бұдан бөлек, аймақ басшысының «Тұрғындарды картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы бойынша қосымша 316 гектар бақшалық жер дайындалып, 837 отбасы егін еккен. Тұрғындардың бақшадан алған өнімдерін «Алқаптан, сөреге дейін» тізбегін дамыту бағытында делдалсыз сату үшін арнайы орындар әзірленіпті. Алдашбай ахун ауылдық округіндегі су үнемдеу технологиясымен 2 гектар жерге қауын-қарбызды жабынды астында егу тәсілін қолданып, бүгінгі күні өнімдері нарыққа шығарылған. Қарбыз құны – келісі 80 теңге.
Ауданда мал шаруашылығында да өсім бар. Атап айтқанда, төрт түлік бойынша орташа өсім – 6,8 процентті құрайды. Мал басы санының өсуіне байланысты жайылымдық жерлердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында елді мекендерден шалғай орындардағы көне су ұңғымаларын тазарту арқылы, қайта іске қосу үшін 26 су ұңғымасы құжаттандырылып ұсынылған.
– Ел экономикасын дамытуда инфляцияның тұрақтануы негізгі факторлардың бірі. Осы ретте, әлеуметтік маңызы бар негізгі 19 түрлі азық-түлік өнімі бағаларына мониторинг жүргізіп, баға өсімі орын алған дүкендерге баға тұрақтылығын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жасалып, нәтижесі күнделікті бақылануда. Қазіргі таңда, нарықта орын алған жағдайларға және де мезгілдік өзгерістерге байланысты ауданда ұн, нан, бас жуа, тауық еті, қант өнімдерінің бағасы белгіленген шекті мәннен жоғары екені байқалуда. Жыл басынан бері Жосалы кентінде 5 рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды, – деді аудан әкімі.
Аудан көлемінде 14 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесіне сәйкес 3 нысан құрылысының басталуы жоспарланған. Оның ішінде «Нұрлы-Жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы» жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қармақшы ауданындағы «Балық цехын» сыртқы электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Ақай елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің де құрылысы бар. Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды. Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев, Қармақшы ауылдарындағы су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жұмыстары бойынша конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталуда.
Облыс әкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға аудандағы бірінші кезекте атқарылуы тиіс 2 абаттандыру, 16 жол жөндеу жобасы іске асырылуда. Халықтың сұранысына орай, Жосалы кентінің 5,8 шақырымды құрайтын, 10 топырақты көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 66,7 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні бұл жобалар басталып кетті. Жұмыс қыркүйек айында аяқталмақ.
– Аудан орталығын абаттандыру мақсатында Тәуелсіздік ықшам ауданында балалар ойын алаңы салынуда. Жосалы кентіндегі Е.Сексенбаев көшесін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Тайшық би көшесіне орташа жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу, аяқсу арықтарына бетонды лотоктар орнату жұмыстары жасалынып, Шығыс каналына темір бетонды лоток орнату жұмыстары жүргізілетін болады. Оған қоса шағын архитектуралық формаларды демеушілік арқылы орналастыру жоспарлануда. Аудан бойынша қаржыны талап ететін 18 жобаның жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленген. Аудан бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарына 3,3 млрд теңге болатын 115 жоба әзірленген. Қазіргі таңда осы жобалар ішінен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылға жүзеге асыру мақсатында Жосалы кенті, Ақай, ІІІ Интернационал, Ақтөбе, Ақжар елді мекендерінің 19,8 шақырымды құрайтын 25 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 21 жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, 560,0 млн теңге қаржыны республикалық бюджеттен бөлуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды, – деді аудан әкімі брифингте.
Жосалы кентінің Амангелді көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы бірнеше жылдан бері тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселе де оң шешімін таппақ. Аудандық бюджет есебінен 190,8 млн теңгеге орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2021 жылы облыстық бюджет есебінен «Төретам мен Ақай елді мекендеріне тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» жобалары әзірленіп, жобалар сараптамадан өткізілген. Қазіргі уақытта газдандыру жұмыстарын бастау үшін республикалық бюджеттен Төретам кенті мен Ақай ауылына қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығып, мердігер мекемемен келісім-шартқа отыру рәсімі жүргізілуде. Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан 10 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Былтыр Жосалы кенті табиғи газға қосылып, бүгінгі күнге дейін кенттегі 4409 тұрғын үйдің 2111 үйі табиғи газға қосылып, көгілдір отынның игілігін көруде.
Аудан бойынша биыл 61 қылмыс тіркелген. Ал ол былтырғы жылмен салыстырғанда 18,7 процентке азайған. Аудан әкімі брифингте электр энергиясы, ауыз су, жылу беру маусымына дайындық, санитарлық тазалық, білім саласы, спорт, мәдениет саласы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы атқарылған жұмыстар туралы да айтып өтті.
Айнұр ӘЛИ
02 тамыз 2022 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

06 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031