» » Ауданда 70 өндірістік жоба жүзеге асты

Ауданда 70 өндірістік жоба жүзеге асты

Қармақшы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд. теңге қаржы бөлініп, 40 жоба іске асырылды. 804 адам жұмыспен қамтылды.
– Бағдарлама шеңберінде ауданымызда 9 әлеуметтік нысан, елді мекендердің 6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары, 4 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен қатар, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру, 2 тренажерлық және стритболдық аланының құрылысын салу жұмыстары толығымен атқарылды. Бұл бағдарлама аясында бөлінген қаржылар өлкеміздің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданымызда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарды, – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.
Бұдан бөлек, былтыр аудан бойынша 70 өндірістік шағын жоба іске асырылды. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласында – 22, құрылыс материалдарын өңдеуде – 12, тамақ өнеркәсібінде – 31, басқа салалар бойынша – 5 цех ашылды. Айта кетейік, биыл бұған дейін басталған «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы да аяқталуға жақын. Аталмыш фабрика іске қосылған жағдайда 60 адам жұмыспен қамтылады. Бұған қоса, «Тұрғантамы» шаруа қожалығының «Балық өңдеу шағын зауытын ашу» жобасын жүзеге асырылмақ.
17 наурыз 2021 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 403
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 203

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930