» » Жасара түс, Жосалы

Жасара түс, Жосалы

АРАКІДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДІҢ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК КӨМКЕРІП, АҚ ҚАЙЫҢ СЫҢСЫҒАН, МҰНТАЗДАЙ ТАЗА САЯЛЫ БАҚТАРЫН ЖИІ КӨРІП ҚАЛАМЫЗ. ӘЛГІ ЖАСЫЛ КІЛЕМ ТӨСЕГЕНДЕЙ КЕЙІПТЕГІ АЛАҢДА АДАМДАР ЕМІН-ЕРКІН СЕРУЕНДЕП ЖҮРЕДІ. ҚЫЗЫҒА ҚАРАЙМЫЗ, ЕРІКСІЗ ТАМСАНАМЫЗ. «ШІРКІН-АЙ, БІЗДЕ ДЕ ОСЫНДАЙ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КӨП БОЛСА ҒОЙ» ДЕГЕН ОЙ ДА МАЗА БЕРМЕЙТІНІ БАР.
Неге екенін қайдам, әйтеуір жұмырбасты пенде болғасын өзгенікі өзгеше көрініп тұратын болар. Дегенмен қазір ауданда сыбдыр қаққан бақтардың саны көбейіп келеді. Кент біртіндеп жасыл аймаққа айналып барады. Соның бірі арғы беттегі – «Аллейка». Жолдағы жөндеу жұмыстары қарқынды.
Көпке белгілі жайт қой. Жергілікті тұрғындар арасында «Аллейка» атанып кеткен, жаяу жүргіншілер көп жүретін Тайшық би көшесіне жаңаша келбет беру мақсатында жарықтандыру, абаттандыру және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, тағы басқа жаңғырту жұмыстары бойынша әкімдік тарапынан ұсыныс-пікірлер тыңдалған еді.
– Бүгінгі күні алға қойған жұмыстардың бірі – айналаны абаттандыру эстетикалық талғамға сай тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру, – деген еді биліктегілер.
Биыл міне, Тайшық би көшесін жөндеуге қаржы бөлініп, мердігер «QazElectroCompany» мекемесі келісім- шартқа сәйкес көшенің екі жағын тегістеп, қиыршық тас төседі.
Мамандардың айтуынша, мамыр айында аудандық бюджеттен Тайшық би көшесіне асфальт төсеуге қаржы бөлінген. 2 маусымда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 28 маусымда мердігер «Набат 2000» мекемесімен келісім-шарт жасалған. Жалпы жұмыс 25 тамызға дейін аяқталады.
Сонымен қатар Тайшық би көшесіне 2100 шаршы метр жаяу жүргінші жолына тас төсеніштер (брусчатка) төселген. Аяқ су арығына 640 м бетон лоток салынып, негізгі жұмыстың 90 проценті аяқталыпты. Бүгінде лотоктың ішіне топырақ түспес үшін жанын таспен көмкеру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы он күндікте жұмыс толық аяқталмақ.
«Аллейка» – көшеге көркем сән беріп тұр. Айнала өскен талы, орындықтары мен жарық шамдары алыстан-ақ көз тартады. Жұмыс толық аяқталмаса да олай да бұлай жүргендердің аяғы суымайды. Бір қынжыларлығы, көп жағдайда саябақта серуендеп жүргендердің өздері қажетіне жарағаннан кейін бос сусынның ыдыстары мен қағаз жұрнақтарын арнайы қоқыс жәшігіне емес, жол шетіне лақтырып кететін әдеті бар емес пе? Барғанымызда көзіміз алдымен бос құтыларға түсті. Қоқыс жәшігі тұр. Ал қоқыс қалай болса солай шашылып жатыр. Әрине, бұл – әр адамның жеке мәдениетіне байланысты айтылатын дүние. Тек жасалғанды ұқыпты ұстап, айналаның гүлденуіне бірге атсалысса дейсің ғой.
–«Аллейка» жаңа тынысын ашып, көркейіп жатыр. Тұрғындарға жақсы демалыс орны болады. Кешкілік серуен құрып, әңгіме айтып отыруға жақсы екен. Қуанып жатырмыз. Енді бұл жерді көркейтіп, гүлдендіру, күтіп ұстау біздің міндетіміз. Осы жұмыстар жауапкершілікпен аяқталса, барша тұрғын кенттің көркеюіне үлес қосу үшін аянып қалмаса дейміз, – дейді кент тұрғыны Қазбек Жаулыбайұлы.
Көшеге көрік беріп, көңілге қуаныш сыйлайтын саяжолдың лентасы санаулы күндерден соң қиылмақ. Тайлы-таяғымен жиылған жұрт та құтты болсын айтысып, мәре-сәре болса, шуылдасқан балалардың шат-шадыман күлкілері аспан көгінде қалықтамақ.
Айнұр ӘЛИ

23 шілде 2022 ж. 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031