» » Үйірме жеңістерге жетелеуде

Үйірме жеңістерге жетелеуде

Спорттың қай түрімен болсын шұғылдану – адам ағзасы мен оның өмір сүру сапасына оң өзгерістер әкеледі. Бүгінде үйретері мол спорттық үйірмелердің де қатары артуда. Ел арасында бұқаралық спортты дамыту мен жасөспірімдерді спортқа баулуға баса мән берілуде. Ауылдық округтерге де арнайы маман бөлініп, ауыл балаларының өздері ұнатқан спорт түрімен шұғылдануына мүмкіндік жасалған. Осындай үйірменің бірі – ауданға қарасты Қуаңдария ауылындағы гір тасын көтеру үйірмесі.
Бұл үйірмені №16 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Бекмұрат Нысанбаев жүргізеді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап қолға алынған үйірмеге ауыл балаларының қызығушылығы жоғары. Гір көтерудің қиындығы мен қауіптілігіне қарамастан үйренуді мақсат еткен өрендер бүгінде жеңіс төрінен көрінуде.
 – Негізінен үйірмеге 10-16 жас аралығындағы балалар тегін қатыса алады. Қазіргі таңда 40-тан аса оқушы тәлім алуда. Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері №186 мектептің спортзалында кешкі сағат 18.30-20.30 аралығында жаттығу жұмыстарын жүргіземіз. Үйірменің ашылғанына бір жылдан асса да шәкірттеріміз үлкен қалаларда, айтулы додаларда бақ сынап, жеңістерді бағындыруда. Өзім де осы ауылдың тумасымын. Өскен өлкемнің өрендерін тәрбиелеу – мен үшін перзенттік парыз. Алға қойған мақсатым – ауыл балалары арасынан осы спорт түрі бойынша Қазақстан, Азия, Әлем чемпиондарын шығару, – дейді үйірме жетекшісі Бекмұрат Нысанбаев.
Бапкердің бұйрығын бұлжытпай орындап, ерінбей жаттығу, жеңіс үшін тер төгу – кез келген спортшының күнделікті үрдісі. Осындай үдеден шыққан шәкірттер Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында Еркебұлан Кәжденбек, Еркін Жандарбекұлы, Саят Әміртай, Мейірбек Әділбековтер – 1 разряд нормативін орындаса, 48 келі салмақта Абылайхан Күзембай Қазақстан Республикасының  ең жас қатысушысы (7 сынып оқушысы) атанған. Сондай-ақ Түркістан облысы, Шардара қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында гір көтеру спортынан 73 келі салмақта Елшіби Еркінұлы  мен 63 келі салмақта Әділет Қалжанов спорт шеберлігіне үміткерлігін қорғаған. Мұнан өзге де жетістігі мол үйірме шәкірттерінен алдағы уақытта да жеңіс туын желбіретер чемпиондар шығатынына сенімдіміз.
Осы орайда ауылдың жас өрендерін қолдау мақсатында Қуаңдария ауылдық округінің әкімі Ардақ Басқынбайұлы №186 мектептің «Гір көтеру» спортына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген спортшы-оқушылармен кездесу өткізді. Онда ауыл әкімі ел намысын қорғап жүрген оқушыларға бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
19 шілде 2022 ж. 479 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031