» » Көк байрақ, көкте желбіре

Көк байрақ, көкте желбіре

Киелі Қармақшы өңірінен спорт саласында қаншама жұлдыз жарқырап шықты. Талай саңлағымыз жеңістің төрінен табылып, көк туымызды желбіретіп жүр. Спортшылар күні қарсаңында жазылған мақаламызда саланың жетістіктерін айтуды жөн көрдік.

Ауданда саламатты өмір салтын таңдағандар саны – 16194 адамды, тұрғындардың 30,18 процентін құрап отыр. Бұл дегеніміз жоғары көрсеткіш. Қазіргі таңда 2195 жас пен жасөспірім спорт мектептерінде физикалық дайындықтарын жүргізуде. Жаныңа жақынын таңдау мүмкіндігі де бар. Себебі аудан көлемінде 11 олимпиадалық, 4 ұлттық және 7 олимпиадалық емес спорт түрі бар. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жасалған тағы бір игі іс – жаңа штаттардың бөлінуі. Мәселен, бүгінде кент және ауылдық округтерге жалпы саны 27 штат бөлінді.
– Жастардың тынбай еңбектенуі мен бапкерлердің дұрыс бағыт-бағдар беруі нәтижесінде жетістіктер қатары көбеюде. Мәселен жыл басынан бері спорт бөлімінің шәкірттері 4 алтын, 3 күміс пен 3 қола медальды иеленген. Атап айтар болсақ, таэквондодан өткен облыс біріншілігінде қыздар арасынан Айша Әділбекқызы бірінші орынды жеңіп алды. Мақсат Исағабылов қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында онлайн дауыс беру арқылы І орынды иеленсе, +100 кг салмақ дәрежесінде ересектер арасында өткен облыстық онлайн гір көтеру сайысында Ермек Пазлеев жүлделі ІІІ орынға лайықты деп танылды, – дейді аудандық спорт бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев.
Сондай-ақ, биылғы жылы 5 спортшы ҚР құрамына енсе, 3 спортшы «ҚР спорт шебері» атағын иемденді. «Спорт шеберіне үміткер» нормативін 9 жас тапсырып шықса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2 төрешіге «спорт төрешісі» атағы мен 4 жаттықтырушыға «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санаты берілді.
№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Жосалы кенті мен Қармақшы ауылында орналасқан ғимараттарына «Жұмыспен қамтудың 2020- 2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни, жас спортшылардың жаттығуы жайлы өтуі үшін бар мүмкіндік жасалған.
Саламатты өмір салтын ұстану әр адамға пайдалы екені сөзсіз. Өз өмір жолын осындай саламен байланыстырған жандардың қажырлы еңбегі ақталып, жеңістің төрінен табылып жүргені қуантады. Алдағы уақытта да талай шыңды бағындырып, әлем деңгейінде өз шеберлігін дәлелдейтіндеріне сенім мол.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ


15 тамыз 2020 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031