» » Руханиятымыз бен аламанымызды асқақтатқан күн

Руханиятымыз бен аламанымызды асқақтатқан күн

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы "Алтайдай жер қайда?" атты халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, үш дүркін "Алтын домбыра" иегері, айтыскер ақын Мұхтар Мәуленұлы Ниязов пен «Қазақстан барысы 2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Аманбайұлы Исағабыловты ресми қабылдады.
Қабылдауда сөз алған облыс әкімі "Сыр өңірі саңлақтар елі, топырағынан тума таланттар түлеген, бағына балуандар бұйырған қасиетке ие. Сондай талантты азаматтарымыз, өнер мен спорттың қос қаһарманы ортамызда. Бірі – үш дүркін "Алтын домбыра" иегері, айтыс өнерінің ақберені Мұхтар Ниязов. Ол кеше ғана Шығыс Қазақстан облысында өткен «Алтайдай жер қайда?» атты халықаралық ақындар айтысында жүлделі бірінші орынды иеленіп, Сыр елінің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Ал, Мақсат Исағабылов Елорда төрінде ерледі. Балуан бауырымыз «Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы атанып, дарабоз даралығын дәлелдеді. Әрине, ұшқыр да ұтқыр ұлдарымызды қалай ұлықтасақ та жарасымды. Сол сабақтас ниет елдіктің де ерекшелігі. Сондықтан қос саңлағымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын,– деп өз жүрекжарды лебізін жеткізіп, Мақсат балуанға 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстап, ақтаңгер ақынға ақ боз ат мінгізді.

Өз кезегінде білекті батырымыз Мақсат Исағабылов бозкілемдегі белдесу кезінде де Сыр елінің, халықтың жанкүйер, тілеулес болғанын сезінгендігін және Барысты бір емес бірнеше рет Сырға әкелуге және Әлем барысында да топ жарамын деген ниетін білдірді.

Барыс белдігінің иегерінен кейін сөз алған алдаспан ақын Мұхтар Ниязов күллі Сыр халқына, өңірдегі ел ағаларына, аймақ басшылығының қолдауы мен құрметіне алғысын білдірді.

Балуанның бағы Алладан, бабы бапкерден. Мақсат балуанымызды барыс ету үшін баладай баптаған бапкері Болатбек Жақсылықұлы Кенеев өз сөзінде турнир барысындағы уайым мен шәкірттерінің жарқын жеңіске жеткен сәттерін үлкен толғаныспен жеткізді.

Ел ағалары Серік Дүйсенбиев, Әріп Қожбанов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамовтар руханият пен аламанның жампоздарына бата беріп, ұлттық намысымызды көтеріп, жігерімізді жаныған қос перзентке сәттілік тіледі.

Нұрлыбек Машбекұлы: "Ер қадірін ел біледі, біз бағы аспандаған бауырларымызға қашанда құрметпен қараймыз. Бүгінгі салтанат сол дәстүрдің дәреметі. Алдағы уақытта та аймақтың абыройын асқақтатар азаматтарымыздың жетістігі арта берсін деп жиынды қорытындылады.
12 шілде 2022 ж. 765 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930