» » Аймақ басшысы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабыловты құттықтады

Аймақ басшысы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабыловты құттықтады

Kyylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңіске жеткен қызылордалық Мақсат Исағабыловтың жеңісімен сыр жұртшылығын құттықтады.
«Қадірлі жерлестерім!
Жеңісіміз құтты болсын!
Елдің берекесі бірлікте. Кешегі Референдумда да Қызылорда облысының екінші тұғырға көтерілгені бірліктің нәтижесі еді. Бүгін ел намысын ер көтерген күн болды. Қуанышқа құшақ толатын мерейге жеттік.
Ұлттық күрестің ұлық жолы -«Қазақстан барысы» балуандар сайысында жерлесіміз Мақсат Исағабылов бас жүлдені қанжығаға байлап, Сыр елінің абыройын асқақ етті. Жарайсың, жампозым!
Ел рухын биік ұстаған Мақсат бауырымды барша Сыр жұртының атынан елеулі жеңісімен құттықтаймын! Жығылмаған жауырынның жеңісі құтты болсын!
Сыр елінің абыройы асқақ, мәртебесі биік болғай!», – делінген аймақ басшысының құттықтауында.

04 шілде 2022 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031