Тарихты түгендеу — парыз
АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАДА «СЫР ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫ» АТТЫ 5 ТОМДЫҚ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ. ОҒАН «СЫР МЕДИА» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ БАСТАҒАН БІР ТОП ҚАЛАМГЕР АУДАНҒА АРНАЙЫ КЕЛІП, САЛА АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.
Жиында аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева жүргізіп, тарихқа толы 5 томдық кітап жайлы ақпар берді.
Томдықтарда аймақтың ақпарат айдынында талай жылдар жаңалық пен жақсылықтың жаршысы болған басылымдардың тарихы баяндалады. Яғни, кітаптың І томында «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» газеттерінің және шығармашылық қауым өкілдерін бір шаңырақ астында біріктіріп отырған «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы баяндалса, ІІ томда «Ақмешіт апталығы» және 7 аудандық басылым жайлы айтылады. III томда аймақтағы электронды БАҚ, баспахана тарихы және республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері туралы анықтамалық бар. Ал кітаптың IV томында облыс көлеміндегі тәуелсіз басылымдардың тарихы жинақталса, V томда ақпарат саласындағы Сыр бойынан шыққан айтулы тұлғалар мен журналистердің тәжірибесі, шеберлік дәрістері топтастырылған.
Іс-шарада алғашқы боп сөз алған «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Сақыпұлы кітаптың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Сыр журналистикасының тарихы» атты 5 томдық жинақтың жалпы республика бойынша жаңа бастама екенін алға тартты.
Тарихты түгендеу – бүгінгінің парызы. Ғасырға жуық тарихы бар басылымдардың өткенін саралап, тарихын тізбектеу кітап дайындаушылар үшін оңай болмағаны анық. Мұнда ауқымды жұмыс пен есепсіз еңбек бар.Бұл жөнінде кездесуде «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Айжан Абдуллаева, облыстық «Сыр бойы» газетінің бас редакторы Қуат Шарабидинов, Қызылорда қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Азиз Батырбековтер кітап дайындау барысында кездескен мәселелер, табылған тың деректер, жұмыс істеу кезіндегі қиындықтар туралы баяндады.

Кездесуге арнайы шақырылған сала ардагерлері де жаңа кітаптың мән-маңызына тоқталып, өздері де тарихтың бір бөлшегіне айналып, кітапқа енгеніне, атқарылған еңбектің хатқа түскеніне, ұрпақ еншісіне жинақталған күйі жететініне қуанышты екендерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. 90 жылдық тарихы бар басылымның сапалы шығуына бар саналы ғұмырын арнап, өңірдің журналистикасына сүбелі үлес қосқан
Қармақшы ауданының құрметті азаматтары Алтай Үсенұлы мен Бақыт Қаналиева өз өмірлерінен сыр шертіп, соңынан еріп келе жатқан жас тілшілерге қаламгерлік жолда сәттілік тіледі. Жиын соңында ардагерлерге жаңа кітап сыйға берілді.

Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы Міржақып Дулатұлының «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» деп ХХ ғасырдың басында айтқан сөзі бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Өйткені таспен жазылған тарих мәңгіге сақталады. Осы бағытты берік ұстанған Сыр журналистикасы биіктерді бағындыра бермек.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА