» » Сыр елін жігерлендірген жеңіс

Сыр елін жігерлендірген жеңіс

Елден ақжолтай жаңалық. Шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні мерекесінде спорттан тағы да бағымыз жанды. Елордада өткен «Қазақстан барысы – 2022» турнирінде жерлесіміз Мақсат Исағабылов жеңіске жетіп, Сыр елін тағы бір серпілтті.
36 палуанарасындағы тартысты жекпе-жек көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осы фавориттердің ішінде Мақсат турнирлік кестедегі ең мықты деген қарсыластармен толықтай күресіп, таза талассыз жеңіс көрсетті. Ал финалдық кездесуде маңғыстаулық палуан Нұрдәулет Жарылғаповпен шықты. Қазақ күресіне артқа сәл шегініс жасасақ, бұған дейін 2017 жылы осы екі палуан бір-бірімен кездескен-ді. Одан кейін қос палуанның жолы жеребе бойынша түйіспеген. Міне, араға бес жыл салып боз кілемде қайта жолықты. Көп күттірмей Сыр халқының тақым қысқан тілегі орындалып, жерлесіміз 1 минут 51 секундта қарсыласының жауырынын жерге жығып таза жеңіске жетті. Осылайша он бірінші доданың кезекті алтыны Мақсатқа бұйырды.
Еске салсақ бұл Сыр елінің үшінші жеңісі. 2011 жылы Ұлан Рысқұл жеңсе, 2017 жылы өзіміздің палуан Еламан Ерғалиев алды. Енді биылғы жүлде тағы да жерлесіміз Мақсат Аманбайұлына бұйырды. Палуанды осындай дәрежеге жеткізген бапкері Болатбек Кенеевтің де еңбегі зор. Жеңісті сәтте Мақсат бапкерінің еңбегін дәрежелеп, арқасына салып дүйім жұрттың алдынан алып өтті. Иә, қалың көрермен де бұл ерекше көріністі шәкіртінің ұстазға деген құрметі деп қабылдады. Осылайша биылғы «Қазақстан Барысы – 2022» атағын Сыр барысы Мақсат Исағабылов жеңіп алса, турнирді ұйымдастырушылар 25 млн теңгенің сертификатын және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқты» табыстады.
Айта кетерлік жайт, биылғы турнир қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты «бүк» ұпайынсыз өтті.
Ерсін СӘДУҰЛЫ    
05 шілде 2022 ж. 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930