Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы тағайындалды
Қармақшы ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 маусымдағы №70-ө/жқ өкімімен Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Әбдірауықов Мереке Абатбекұлы тағайындалды.
Әбдірауықов Мереке Абатбекұлы 1982 жылы 25 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген.
2005 жылы – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2010 жылы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Есеп және аудит» және 2012 жылы аталған университетті «Заңгер» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Алғаш еңбек жолын 2005 жылы Астана қалалық құрылыс департаментінің техникалық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
Одан кейінгі жылдары үздіксіз Астана қалалық құрылыс департаментінің техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы, Астана қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының құрылыс және бұзып алу бөлімінің бас маманы, Нұр-Сұлтан қалалық құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінің бас маманы, құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдың наурыз айынын бастап «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының сектор меңгерушісі қызметін атқарып келген.
Әбдірауықов Мереке Абатбекұлы аудан орталығы мен ауылдық елді мекендерде құрылыс салу және жоспар жасау жұмыстарын, құрылыстың сапалық деңгейінде салынуын, құрылыс объектілерінің орынды және тиімді орналасуын, типтік жобадағы қоғамдық және өндірістік үйлер мен ғимараттар және тұрғын үйлерді қолдану, құрылысқа байланысты инженерлік шешімдерді қабылдау жұмыстарын және ғимараттардың қас-келбетінің талапқа сай болуын, мекен-жай тіркелімін сапалы жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді.