» » Мерекемен қатар келген мерей той

Мерекемен қатар келген мерей той

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне және «Қармақшы таңы» газетінің 90 жылдық мерей тойына арналған шара өтті. Салтанатты жиынға сала қызметкерлері мен бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты. БАҚ өкілдерінің мерейлі мерекесінде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев құттықтау сөз сөйлеп, саланың үздік мамандарын марапаттады. Сонымен қатар саланың маңыздылығына тоқталды.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деп айтып кеткендей, халықты нақты әрі жылдам ақпаратпен қамтамасыз етуде қоғамдағы сіздердің рөлдеріңіз орасан зор. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық шабыт, қызметтеріңізде толағай табыс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! – деді шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы.
Шара барысында «Сыр Медиа ЖШС» бас директорының бірінші орынбасары Марат Аралбаев, «Қармақшы таңы» газетін ширек ғасыр басқарған, жазушы Алтай Үсенов сөз сөйлеп, әріптестеріне ізгі лебіздерін білдірді.
Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

29 маусым 2022 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930