» » «Бала еңбегін қанаудың алдын алу»

«Бала еңбегін қанаудың алдын алу»


Бала – бұл әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ал еңбек – адамның аянбай тер төгіп әрекет етуінің нәтижесінен болатын адал ақы. Бала еңбегі мәселесі бүкіл әлемде, оның ішінде дамушы елдерде де орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Жас мөлшерін сай емес ауыр еңбекке әдетте тұрмыс деңгейі төмен отбасыларының немесе жастайынан жетім қалған балалар араласады. Негізінен, 18 жасқа толғаннан бастап еңбекке қабілетті болып саналады. Еңбек кодексі бойынша жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас – 16 жас.
Атап айтқанда, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының қызметкері, аудандық білім бөлімінің әдіскері және Жастар Ресурсы орталығының мамандарымен бірлесіп «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында Жосалы кентінде орналасқан сауда нысандары, ойын-сауық орындары бойынша еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтауға бағытталған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, шара барысында 12 күн ішінде түнгі уақыттарда рейдттік жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар құқық бұзушылық әрекеттері анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалып, кәмелет жасына толмаған азаматтарға айыппұл салынады. Заңсыз жұмысқа алған тарап та жауапқа тартылады. Сондай-ақ, науқан барысында балалардың белгіленген уақыттан кейін ата-анасынсыз көшеде жүру жағдайлары тексерілетін болады.
Балаларымыздың сабақ оқудың орнына санасына салмақ, беліне ауырлық түсіруінен сақтайық!
Қармақшы аудандық полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

09 маусым 2022 ж. 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 318

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 414

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930