» » «Рәміздерге 30 жыл – 30 іс-шара»

«Рәміздерге 30 жыл – 30 іс-шара»

Патриоттық тәрбиені нығайту жолында мемлекеттік рәміздерді киелі ұғымға айналдыру айрықша маңызды фактордың бірі. Елдің Туы, Елтаңбасы мен Гимні қоғамдық санада азаматтық асыл құндылықтармен және аса жоғары пайым түсіністіктермен астасып жатады, әрі мұның идеологиялық әлеуеті өте зор.
«Рәміздерге 30 жыл-30 іс-шара» аясында мектеп жанындағы лагерь тынығушыларының қатысуымен, лагерь жоспарына сәйкес 3 маусым күні «Мемлекеттік рәміздер-ел мақтанышы» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне шолу.
Сонымен қатар, лагерь тынығушы оқушыларына мектеп кітапханашысы Ж.Құсайынованың ұйымдастыруымен «Туымыз-төрімізде» тақырыбында оқушыларға кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.
Лагерь тәрбиешілері Г.Мақсатбаева, Г.Батырбекова, Қ.Райымбекованың ұйымдастыруымен «Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер» тақырыбында жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды
03 маусым 2022 ж. 2 397 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 086
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 676

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031