Құрылтай
» » Сауда уйінде сайлаушылармен кездесу өткізді

Сауда уйінде сайлаушылармен кездесу өткізді

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы қоғамдық штабтың мүшелері Шахизада Әбдікәрімов пен Сәбит Әбіш «Жібек жолы» сауда орталығында болып, келушілерге референдумның маңыздылығы мен Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қоғамды толғандырған мәселелерді талқылады.
"Мемлекет басшысы ұсынған референдум өткізу бастамасы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуды кеңейту және саяси процестерді терең демократияландыру туралы сұранысынан туындады. Осындай әлеуметтік маңызы бар міндеттерді іске асыру үшін конституциялық реформа қажет.
Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аралас мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі. Бұл қадам сайлаушылардың көзқарастары мен пікірлерін барынша толық қамтуға мүмкіндік береді", – деді облыстық штабтың мүшесі Ш.Әбдікәрімов.
Сондай-ақ штаб мүшелері қала тұрғындары тарапынан туындаған сауалдарға жан-жақты жауап беріп, 5 маусым күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
03 маусым 2022 ж. 531 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31