» » Халық референдумды қолдайды

Халық референдумды қолдайды


ОСЫДАН ЕКІ АПТА БҰРЫН МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АТА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНҒАН-ДЫ. ЕЛІМІЗДЕ СОҢҒЫ РЕТ РЕФЕРЕНДУМ 1995 ЖЫЛЫ ҚАЗІРГІ КОНСТИТУЦИЯ БЕКІТІЛГЕН КЕЗДЕ ӨТКЕН.
Ел Президенті Қасым-Жо­март­­ Тоқаев ҚХА отырысында "Рес­пу­бликалық референдум туралы" конс­титуциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзету енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру ар­қылы Конституцияны өзгерту ха­лықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын" деген өз сөзінде. Ал осы референдумды халыққа кеңінен насихаттау үшін партия жанынан республикалық штаб құрылып, аймақтарда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штабтың мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жосалы кенті, Ақай және Иіркөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Алдымен алғашқы сапарын Ақай ауылынан бастап, тұрғындарға саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдумның мақсатына тоқталды. Сонымен қатар бұл жүйенің мемлекеттік басқару механизміне өзгерістер енгізуге және саяси-құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталғанын айтты.
– Референдум – Мемлекет басшысының Үндеуінде жарияланған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің сая­си дамуының келесі деңгейіне өтеді. Өйткені реформа отандық, құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді, – деді ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл.
Кездесуде ауыл ақсақалдары депутаттарға өз пікірлерін білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бас­тамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатынын жеткізді.
Мұнан соң республикалық штаб өкілдері кезекті сапарын ауданда жалғастырды. Онда аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудандық мәслихат депутаты, аудандық штаб мүшесі Болат Жұмабаев және аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, партия филиалы жанындағы штаб төрағасы Дастан Бухановпен бірге кенттегі №121 орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысымен танысты. Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаттары күрделі жөндеу кезінде сапасына аса қатты мән беріп, бақылауда ұстау керегін ескертті. Одан кейін аудандағы агроколледждің ұжымымен және Иіркөл ауылының тұрғындарымен кездесіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумның маңызын түсіндірді.
– Конституциялық референдум – мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңашылдық әкеледі. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Сонымен қатар мажоритарлық сайлау жүйесінің енгізілуі, сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады, – деді республикалық штабтың мүшесі Геннадий Шиповских.
Кездесу соңында тұрғындар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, сауалдар жолданды. Мәжіліс депутаттары қойылған сұрақтарға жауап беріп, Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформалардың іске асуына және қолдауға шақырды.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
21 мамыр 2022 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031