» » Бала - болашағымыз

Бала - болашағымыз

1 - маусым халықаралық балаларды қорғау күнінде барлық бала қуанып, асыр салып ойнап шадыман шаттықта болды. Тұрмағамбет ауылында да мектеп, балабақшалар әсем безендіріліп, балаларды қуантуға ел болып атсалысты. Ауыл орталығындағы "Сәлима Ана" балабақшасының алдына Тұрмағамбет ЖШС директоры Нұржан Айдарбекұлы демеушілігімен балаларға арналған түрлі ойын құрылғылары орнатылып, балапандардың асыр салып ойнауына зор мүмкіндіктер жасады. Социалистік Еңбек Ері, Батыр анамыздың атымен аталған, баталы орында балалар күнінің мерекесі басталып, барлық ауыл балалары жиналды. Тұрмағамбет ЖШС демеушілігімен, ауыл кәсіпкерлері Гүлзат, Гүлмира сіңілілеріміздің қолдауымен барлық балаларға балмұздақтар, тәтті сусындар таратылды.
Мерекелік шара әрі қарай ауыл орталығындағы үлкен сахнада концерттік бағдарламамен жалғасты. Балалар мерекесі құтты болсын. Ашық аспан астында бейбіт өмірде, Тәуелсіз ел құшағында бақытты балалықпен өсіп, өркендей берсін. Әрқашан кемел келешектің кірпіші болар балаларымызды қуантуға асығайық.

Тасымова Зарипа Жаппарқызы.

02 маусым 2022 ж. 847 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 287
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031