Құрылтай
» » Парламент мәжілісінің депутаттары ауданда

Парламент мәжілісінің депутаттары ауданда

ЖОСАЛЫ, 14 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Смағұл Бақытбек пен Шиповских Геннадий Т.Көмекбаев және Тұрмағамбет ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. 

Ел қалаулылары Т.Көмекбаев ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов жүргізіп отырды. Кездесу барысында депутаттар Парламент Мәжілісінің қызметі туралы әңгімелеп, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, сондай-ақ жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда ел игілігі үшін барлық жағдай жасалып жатқандығына тоқталды. 
Одан әрі жұмыс сапары Тұрмағамбет ауылында жалғасып, «Сәлима ана» балабақшасының жұмысы және Тұрмағамбет ауылында салынған Шағын сүт өңдеу зауытында болды.
Іс сапар барысында «Тұрмағамбет» ЖШС нің директоры, аудандық мәслихат депутаты Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлы Шағын сүт өңдеу зауытының жұмысымен таныстырды.
Кездесу соңында халық қалаулыларына ауыл ақсақалдары өз ризашылықтарын білдірді.
14 қаңтар 2020 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 655
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31