» » Фракция мүшелері ауданымызда болды!

Фракция мүшелері ауданымызда болды!

ЖОСАЛЫ, 7 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің дептаттары Смағұл Бақытбек пен Шиповских Геннадий ауданымызда болып, Телікөл, Иіркөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, аудандағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмыстарымен танысты.
Ел қалаулылары алғаш ат басын сыр бойының мәуелі бәйтерегі Телікөл ауылдық округіне қарасты, Ә. Тәжібаев елді - мекеніне бұрып, ауыл тұрғындарымен ашық диалог орнатты. Кездесу барысында депутаттар Парламент Мәжілісінің қызметі туралы әңгімелеп, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың, сондай-ақ жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, қазіргі таңда ел игілігі үшін барлық жағдай жасалуда. Ал ауылдық жерлерде бизнесті, яғни кәсіпкерлікті дамыту қарқынды қолға алынуда. Білім мен денсаулық саласына бөлінетін қаржы да жыл санап өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.
Бұдан соң қонақтар «Гежуба» Шиелі цемент зауыты мен "Семізбай-U" ЖШС "Иіркөл" филиалының жұмысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Фракция мүшелері өндіріс орындарынан кейін даңқты күрішші Ы. Жахаев ауылына барып, даңқты күрішшінің әруағына құран бағыштады. Бұдан кейін мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, жиын соңында Ы. Жахаев музейінің жұмысымен танысты. Осы жерден Мәжіліс депутаттары өздерінің ауданымыздағы іс сапарларын аяқтап, облыс орталығына жүріп кетті.
Қонақтарды «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы мен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Лепесұлы бастап жүрді.
07 қаңтар 2020 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 594
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031