» » ЕЛ АҒАЛАРЫ ЕЛ АРАЛАДЫ

ЕЛ АҒАЛАРЫ ЕЛ АРАЛАДЫ

Биыл Иіркөл ауылы тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарға толы. Көптен түйіні шешілмей келе жатқан жаңа балабақшаның да мәселесі де шешімін тапты. Жақында заман талабына сай 50 орындық №15 «Самал» балабақшасы ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы күндері бұл мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзі шаттыққа толы ауыл бүлдіршіндері жан-жақты білім мен тәрбие алуға келеді. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінен ауыл ішіне дейін жалғасқан жол жөндеуден өтті. Бірнеше көше жарықтандырылса, елді мекен тұрғындары ауыл сыртынан бақша мен көкөніс егуде. Бақшашылар жақын күндері алғашқы өнімінің де дәмін татады.
Жақында түлеген ауылға Қазақстан Респубикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских атбасын бұрды. Меймандар ауыл әкімі Бүркіт Қалдашбаев пен балабақша меңгерушісі Бақыт Жүнісіованың бастауымен су жаңа балабақшаны аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Мұнан соң халық қалаулылары ауыл тұрғындарымен жүздесіп, елде болып жатқан игі істермен бөлісті. Ауыл тұрғындарының қойған сауалдарына жауап берді. Оның ішінде, ауылдық ардагерлер кеңеаінің төрағасы Қалдыбек Есмахановтың аталмыш елді мекен тұрғындары үшін бүгінгі күні ең маңызды мәселелердің бірі, яғни тұрғындардың бақша егуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында Сырдария өзенінен ауылға дейін аяқ су шлюзін салу туралы өтінішін жоғарғы органға жеткізетінін айтты. Тіпті, Бақытбек Смағұл туған жерге деген жүректен шыққан арнау өлеңін оқып, тұрғындарды бір серпілтіп тастады.
Содан соң мәртебелі меймандар аудан орталығындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалына ат басын тіреп, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мақсұт Баекеев пен аудандық филиал төрғасының бірінші орынбасары Дастан Бухановтың қатысуымен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, «Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асқар Ерманов, халықаралық «Семей-Невада» қозғалысы аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары Аманжол Құлсейітов пен «Ұлт бірлігі-Қармақшы» этномәдини бағыттағы қоғамдық бірлестік төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Шегебай Құндақбаевтың жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге баулу мақсатында аудан орталығынан патриоттық- әскери клуб ашу, үштілділік пен Семей полигонында әскери қызмет еткен аудан тұрғындарына мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдік, сонымен бірге тендр арқылы жұмыс істеп жатқан құрылыс мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру, қадағалау және басқа да түйінді мәселелер бойынша қойылған сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Келесі кезекте халық қалаулылары Бақытбек Смағұл мен Геннадий Шиповских түс қайта аудан активімен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаевтың жүргізуімен өткен активте ел ағалары Парламент Мәжілісі отырыстарында көтерілген мәселелер мен ҚР Заңдарына енгізілген және қайта толықтырылған өзгерістер туралы әңгімеледі. Сыр елінде атқарылып жатқан іргелі істерге ризалықпен, көтеріңкі көңіл-күймен Астанаға оралатындарын айтты. Активте еңбек ардагерлері Қаршыға Есдәулетов, Жақсыбай Жәкеев және басқалар сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірін зерделеді.
Мұнан соң, халық қалаулылары ауданымызда болған кезекті жұмыс сапары барысы соңында Жосалы кентінің солтүстігіндегі индустриялық аймақта орналасқан, бүгінде 10 адамды тұрақты жұмыспен қамту арқылы бетон бұйымдарын өндіріп жатқан «Мир-2001» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аялдады. Серіктестік бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жұмысшылармен әңгіме тінін тарқатты. Құрылысқа қажетті түрлі бұйымдар өндіріп, ел ықыласына бөленген жұмысшыларға ризалығын білдірді.
Нұрбай ЖАНӘДІОВ,
«Қармақшы таңы».
14 шілде 2018 ж. 1 841 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 879

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930