» » «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті

Театр өнерінің туындысын тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне – дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады.
Жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклін белгілі ресейлік балетмейстер Константин Семенов сахналады. Композиторы – дарынды жас композитор Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Қойылымда кейіпкер сөзі көп емес, өйткені бұл – пластикалық спектакль. Өзгеше айтқанда, артистер оқиғаны, қойылым кейіпкерлерінің ішкі сезімдерін би қимылдары арқылы баяндайды. Бұдан бөлек, пластикалық театр – адамдар түрлі тілде сөйлесетін қоғамға арналған, ал би қимылдарын аудармасыз түсінуге болады.
Қойылымды тамашалаған Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды түркі әлемінің мәдени және рухани орталығына айналдыру жолында театрдың маңызы зор екенін айтып, өнер ұжымына алғыс айтты.
23 мамыр 2022 ж. 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930