» » Қорқыт ата кешеніне саяхат

Қорқыт ата кешеніне саяхат

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын«Киелі жерлердің географиясы» жобасы аясында Қызылорда қаласынан мектеп оқушылары Қорқыт ата мемориалына саяхат жасады.
Оқушылар Қорқыт Ата мемориалдық мұражайындағы құнды жәдігерлер мен кешен аумағындағы соққан желмен үндескен қобыз ескерткішін, қазақ мифологиясындағы Көк тәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы саналатын қошқар мүсінін, көне Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.
Сондай-ақ, Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәліметтер мен аңыз әңгімелерге қанық болды. Аудандық жыраулар үйінің өнерпаздарының өнерін тамашалап, "Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы "КММ-нің және "Қармақшы жастары "ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен өткізілген векториналық ойындарға белсене қатысты.
Тәрбиелік мәні зор бұл сапардан оқушылар ерекше әсерге бөленіп, көтеріңкі-көңіл күймен қайтты.
31 тамыз 2019 ж. 1 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 106

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031